11 сынып оқушыларына арналған соңғы қоңырау сценарийі — Қазақша сценарийлер — Туған күнге тілектер — Қазақша презентация
11 сынып оқушыларына арналған соңғы қоңырау сценарийі
11 сынып оқушыларымен қоштасу кеші
Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.М.Дюсенова, 10 сынып жетекшілері: Б.Қ.Шарипова, іА.Қ.Сарсекова №26 жалпы орта білім беретін мектеп
Мақсаты: Мектеп түлектерінің арасындағы достық пен ынтымақтықты дәріптеу. Оқушылардың бір-бріне құрмет көрсетуін дамыту.
Көрнекілігі: ақ мата, лента, гүл, музыка.
Барысы:
1 — саты: Лабиринттен өту
2 — саты: Скакалкамен секіру
3 — саты: Шеңберді айналу
4 — саты: Отырып-тұру
5 — саты: Мектеппен қоштасу әнін орындау
Шоудың басталуы
1 – жүргізуші: Қайырлы кеш, ұстаздар және мектеп бітіруші түліктер!
Кезде келді бүгін міне, жыр атқарар,
Сыңғырлаған қоңыраудың үндері,
Мәңгілікке есте қалар гүл шақтар.
2- жүргізуші: Қимас сезім жүректерде алаулап,
Түлектермен қоштасардай атырап,
Бүгінгі күн есте қалар шақ екен,
Алтын ұям түлектерін ұшырмақ.
1 – жүргізуші: Бүгін міне есте мәңгі сақтар күн,
Алып ұшқан түйініндей хаттардың,
Түлектерге қимас сезім сыйлаған,
Куәсіндей балалық бақ шақтардың.
2- жүргізуші: Бүгін – жүрек дүрсілінің өз өміріне бағынбай тулар күні,
Бүгін — өмірдің алғаш соқпағының сынар күні.
Бүгін – түлектердің мектеп биігінен шарықтап шығар күні
Бүгін – мектеп ақ жолынан қадам басып,
Жаңа өмірдің ақ жолын бастар күні.
Ортаға бір-бір үйдің түлектерін ду қол соғып қарсы алайық!
1- жүргізуші:
Аяулы түлектер! Арғымақ аттай тулаған уақытта шек барма? Қызығы мен қуанышы араласқан он бір жыл бір күндей өте шыққаны қандай өкінішті…
Мектептің алаңсыз күндерін сағынар сәт те алыс емес. Бүгінгі күн – сол шаққа нүкте қояр мезеттер. Олай болса, түлектер! Баршаңыз да бүгінгі шоу кешімізге қош келдіңіздер! (Музыка ойнап тұрады)
2 – жүргізуші:
Құрметті біздің №26 мектептің шоумен жұлдыздары сіздерді мектеп бітіру кешімен құттықтаймыз. Біздің шоуға қош келдіңіздер, 13-і түлектер!
Ән: Мектебім
1-жүргізуші: (топқа аттарын атап отырып, ішке шақыру)
Кілең «5» — тік озаттар
Биікке ұшар қанат бар
Қанаттарың талмасын,
Шыңына білім самғарсың.
Жанель, Жанбота, Сауле, Ардақ, Зухра, Ақтотыны шақырамыз
2-жүргізуші:
Сұлтанға лайық көркі бар
Сымбатты бізде жігіт бар.
Болашақта елімнің,
Иесі осы ұғып ал.
Даулет, Ернар, Данияр, Қанат, Арман
1-жүргізуші:
Ақындарым келіңіз,
Жыр маржанын төгіңіз.
Шабыт келсе бәріміз,
Шетімізден серіміз
Әділ, Қанатбек
2-жүргізуші:
Қош келдіңіз әншілер
Келіп тұрмыз ән сүйер
Шырқап әнге салыңыз
Біз болайық жанкүйер
Олжас, Мадина, Балжан
1-жүргізуші:
Оралып қайта келген соң
«Оралман» — деп ат қойдық
Кетпейді деп сенген соң
«Оралман» атты жеп қойдық
Жансая, Жұпар
2-жүргізуші:
Оқушылар келді жаңадан,
Қол соғып қарсы аламыз
Туғандай бір анадан
Бауырлас болып барамыз
Сыныптың жаңа қазақтары Жаннұр мен Дамир
1-жүргізуші
Айдай сұлу арулар,
Жібектей нәзік жаны бар.
Аққудайын таранып
Айдын көлден табылар.
Қарлыға, Айдана, Ақерке, Айгерім, Гульназ, Тоғжан, Айнур
2- жүргізуші:
Спортшылар тағы бар,
Нелер жүйрік табылар.
Ел намысын қорғайтын,
Маңдайының бағы бар.
Самат, Сағынай, Ғалым, Индира, Дархан, Мадина
1-жүргізуші:
Білімнің биік аңсарын,
Қадірін түсін достарым.
Мінезімен көрікті ғой өздері,
Үндемей тұрып, сұлатады өзгені.
Бізді қашан атайды деп тыпыршып,
Ниет қылып тыныштықпен төзгені
1- жүргізуші
6-саты: «Сөзді тап» ойыны (хормен айту)
1.Ба/қыт, 2. Шат/тық, 3. Ақ/жол, 4. Ө/мір, 5. Дос/тар, 6. Ұс/таз, 7. Құт/ты, 8. Бол/сын, 9. Ең/бек.
7-саты
Әзілкештер және бар,
Күлкіге әбден қандырар.
Езу тартпай қоймайсың,
Қалжыңына тоймайсың
(мектеп туралы анекдот)
8- саты «Ақ жол»
(баспалдаққа іздер жапсырып тілек айта отырып, кабинетке кіру)
Ән: (кабинетте қарсы алу)
9-саты: Ұстазға тілек
Жадыраған жаздай жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар,
Қадірлі ұстаз гүлмен берге жолдаған
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.
11 А, 11 Ә сынып оқушыларының тілегі
10-саты: Слайд көрсету
Әзіл жұлдіз жорамал
Әр оқушыға жеке жеке Манарбек пен Азиза (жүргізуші)
1- жүргізуші
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты
Төгілген күн нұрының шапағаты
Халайық қаттырақ қол соғыңдаршы
Әншілер ортамызға келіп қапты!
Ән шашу: Олжас, Мадина, Әділ
11- саты: Би кеші /вальс/
Разминка әр түрлі би жарысы
Биге кезек береміз,
Бишілер мың бұралсын,
Дөңгеленіп билегенде
Кімдер үнсіз тұра алсын?
Слайд. Жұлдыз жорамал
Болашаққа үміт арттырар сенім ұялатар қадірлі шақтың ажырамас бөлігіндей. Түлектер бір сәт балаларыңыздың жұлдызына назар салып қараңызшы
12-саты Күндіз түні ойладыңыз бала қамын
Тынымсыз атып жатыр әрбір таңың
Басқарып организатор боп осы ұтымда
Баршаны аялаған алақаның! Алмагүл Мадыханқызына сөз беру
13- саты Сізден қалар қол таңба: (қолтаңба қалдыру)
1-жүргізуші: Аттанарда ұрпағың бақ жолына,
Түссін деп тура жүрер нақ жолына.
Арнайы ақ матадан жол төседік
Ырымғып түлектердің ақ жолына
2- жүргізуші:
Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады түлектер!
Өйткені болашағың бүгіннен басталады. Сіздер дәл осы сәттен бастап өмірімізге жаңа бақыт жолдама алып отырсыздар. Ендеше жұлдыздарыңыздың жануы, сәуле шашуы өз қолдарыңызда. Тылсым өмірдің сындарлы сәттері ертеңгі күнге сенімдеріңізді бекітсін. Ұстаздарыңыз мектебіңіз саған тілекші.
Жолдарыңыз болсы, жолдарыңыз болсы, түлектер!!!!!!!!!
Семей қаласы