Қазақстанда қайтадан UFC жекпе-жектерін көрсететініне сенемін
UFC-дің Ресей мен ТМД елдеріндегі өкілі Андрей Громковский Қазақстанда UFC турнирлерін көрсетуді доғарғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
— Бұл жағдай туралы нақты хабарым жоқ. Кейін қазақ әріптестеріміз жекпе-жектерді көрсету құқығын сатып алу үшін хабарласқанын білемін. Сол себепті жақын арада Қазақстанда қайтадан UFC жекпе-жектерін көрсететініне сенемін», — деді Громковский.
Айта кетейік, «Qazsport» белгілісіз бір себептерге байланысты UFC жекпе-жектерін көрсетуді тоқтатқан болатын. Екі тараптың келісімімен UFC трансляцияларын өткізу туралы келісімшарт бұзылды. Алдағы уақытта осы мәселе өз шешімін табады деп сенеміз.
Дереккөз: prosports.kz/kz