Дәмді палау әзірлеу әдісі |

0

 Қажетті заттар: 

[✴]  ет — 0,5 кг 
[✴]  сәбіз — 6 дана 
[✴]  ал, күрішті мен ыдыспен өлшеп салдым, сорпа ішетін, орта кесемен — 2 кесе 
[✴]  татымына қарай тұз және су 
[✴]  сұйық май 

Дайындау жолы: 

Ет пен сәбізді турып аламыз. Сұйық майды отта тұрған қазанға құйып, қызған майға етті қызарғанша қуырып аламыз. Содан соң, сәбіздің салып қуырамыз. Татымына қарай тұз саламыз. Бұл қуырылып жатқан ет пен сәбізіміз. Етті қуырып бастағанда, мен күрішті жуып тазалап, оны ыстық суға, тұз салып 15 минутқа бұқтырып қойғанмын. Жоғары жақта етке де тұз салдық, күрішке де тұз салдық. Сондықтан тұз салғанда аз-аздан мөлшерлеп салу керек. 

Суретті көріп шошып кетпеңіз 🙂 Фотоаппараттың жарығын жағып түсірсем күрішім әппақ болып көрінбей қалды, сосын жарығын өшіріп түсіргенмін. Бұқтырылған күріштің суын төгіп, қуырылып болған ет пен сәбіздің үстіне салып, араластырамыз. Үстіне, қайнаған суды құямыз. Суды күрішпен бірдей қылып құю керек, су көп болса күріш езіліп, ботқа болып кетуі мүмкін. Сосын палауымызды жай отта, 45 минутқа бұқтырып қоямыз. 

Ас дәмді болсын! 

Дереккөз: Reactor

http://inform.kz