Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың өмірбаяны
Гүлшара Әбдіқалықова 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. Әбдіқалықованың өмірбаянын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
Өмірбаяны
Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова 1965 жылы 15 мамырда Қызылорда облысында туған.
Отбасылық жағдайы
Бір қызы бар.
Тағы оқыңыз: Ақпарат және қоғамдық даму министрі: Дәурен Абаев туралы қызықты деректер
Білімі
1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек өтілі
- 1987-1994 жылдары Қызылорда облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасында аға инспектор, бөлім бастығы болып жұмыс істеген;
- 1994-1995 жылдары – ҚР жоғары кеңесі халықты әлеуметтік қорғау комитетінің консультанты;
- 1995-2003 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек департаментінің директоры, зейнетақымен қамтамасыз ету және халықтың кірісін реттеу департаментінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді;
- 2003-2005 жылдары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
- 2005-2006 жылдары – «Өмірді сақтандыру компаниясы – Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ басқармасының төрайымы;
- 2006-2007 жылдары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
- 2007-2008 жылдары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;
- 2008-2009 жылдары – президенттің кеңесшісі, президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы;
- 2009-2012 жылдары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
- 2012-2013 жылдары – президенттің кеңесшісі;
- 2013-2014 жылдары – премьер-министрдің орынбасары;
- 2014 жылдың 11 қарашасынан 2019 жылдың 25 ақпанына дейін – Қазақстанның мемлекеттік хатшысы.
Ғылыми дәрежесі
Экономика ғылымдарының кандидаты, 15-тен аса ғылыми мақала мен жарияланымдардың авторы.
Тағы оқыңыз: Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды
Марапаттары
1998 жылы «Астана», 2001 жылы «Ерен еңбегі үшін», 2005 жылы «Қазастан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен, 2009 жылы «Парасат» орденімен, «Астанаға 10 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Тағы оқыңыз: Жаңа министр: таяуда жәрдемақының жаңа мөлшері жария етіледі
sputniknews.kz