Асқар Мамин Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалды
Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалды. Дүйсенбі күні Қазақстан парламентінің мәжілісі Асқар Маминді елдің премьер-министрі етіп тағайындау туралы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын мақұлдады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
53 жастағы Асқар Мамин бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары, Астана қаласының әкімі, көлік және коммуникация министрі болып істеген, оған дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын басқарған.
21 ақпанда Назарбаев мәлімдеме жасап, «экономиканың сапалы өсіміне қажетті ынталандыру жасамады және халықпен жұмыс істей алмады» деп үкімет жұмысын сынағаннан кейін Бақытжан Сағынтаев басқарған министрлер кабинеті тараған. Президент жаңа премьер-министр тағайындалғанға дейін үкімет жетекшісі қызметін атқаруды Асқар Маминге жүктеген еді.