Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару
№ 1. Семинар сабақ
1. Демография ғылымы: зерттеу саласы мен әдістері
2. Қазақстандағы демография ғылымының дамуы.
3. Қазақстан әлемдік демографиялық үрдіс жүйесінде.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Демография (грек сөзінен алынған: demos — халық, qrapha — жазамын,
сипаттаймын деген мағынаны білдіреді) халықтың санын, қоныстануын, орналасу
тығыздығын, халық динамикасын, яғни өсуі мен кемуін, көшіп-қону
көрсеткіштерін, құрамын, некелесу мен ажырасу көрсеткіштерін, жастық және
жыныстық структурасын зерттейтін ғылым. Кең мағынада алғанда, халықтың осы
ерекшеліктерін сан жағынан зерттейтін ғылым саласы. Мұнда ең алдымен
халықтың санын ғылыми ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі кең
қолданылады. Демографияда статистикалық әдістердің ерекше зор роль
атқаратындығы себепті, кейбір ғылымдар демография мен демографиялық
статистиканы бір-бірімен ұқсас ғылымдар деп есептейді. Бірақ демография
ұғымының мазмұны анағұрлым кең, оның өзіне тән дербес міндеттері бар, ол
халықтың дамуы, өсуі саласындағы байланыстылықты, заңдылықты ашуы керек,
бұл үшін үстем қоғамдық қатынастарды ескере отырып, статистикалық
деректерді негізге алуға тиіс. Демография халықты зерттейтін барлық
ғылымдарға қажетті материалдар береді.
Демографиялық статистика, халық статистикасы — белгілі бір ел,
территория халықтарының санын, құрамын, орналасуын және қозғалысын немесе
оның жекеленген тобын сипаттайтын деректерді жинауға, өңдеуге, баяндауға
және талдауға статистикалық тәсілді қолданумен айналысатын статистика
саласы. Демографиялық статистика халықтың тууын, өлуін, некеге отыруын, бір
жерден екінші жерге қоныс аударуының сандық нәтижесін анықтайды. Халықтың
саны, оның құрамы мен орналасуы жөніндегі ең дәл және егжей-тегжейлі
деректерді халық санағы береді. Санақ аралығында халықтың саны, оның таптық
және жастық, жыныстық құрамы арнайы есептеулер арқылы анықталады. Халықтың
тууы, өлуі, некелесуі, ажырасуы жөніндегі деректерді АХАТ (азаматтық хал-
жағдай актілерін тіркеу) орындарында, ал халықтың көшіп кетуі мен көшіп
келуін миграциялық полиция органдарында тіркеудің нәтижесінде анықтайды.
Демографиялық статистика халық санағының принциптерін анықтап, оны әзірлеу
мен жүргізуді ұйымдастырады, санақ бағдарламасын жасап, қорытындысын
шығарады, халықтың күнделікті есебін алуды ұйымдастырып, оның қорытындысын
талдайды, халықтың саны мен құрамын есептейді, туу мен өлімнің көрсеткішін,
халық өсімінің көрсеткішін, өмір ұзақтығының көрсеткішін халық тығыздығының
көрсеткішін есептеудің тәсілдерін жасайды. Демографиялық статистиканың
көрсеткіштерінің халық өсуінің келешегін зерттеуде маңызы зор.
Демография ғылымы тарих, экономика, әлеуметтану, әлеуметтік
психология, география, этнология ғылымдарымен тығыз байланысты.
Демографиядағы диалектикалық әдіс бойынша саралау жасау халық өсімі мен
қозғалысы мәселесіне әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, заң, дін,
табиғат факторларының (құрғақшылық, жер сілкінісі, құйын, сел т.б.) әсерін
жан-жақты қарастырады.
Тарихи демографияда халықтар қозғалысы тарихи кезеңдер бойынша, халық
өсуі мен кемуі тарихи процесс ретінде қарастырылып, адам тарихының
эволюциясы дамуы және демографиялық динамиканың ғасырлар бойына қалыптасуы
зерттелінеді.
Экономикалық факторлар – тұрғындардың әлеуметтік тұрмысының көрінісі
ретінде демографияның негізгі ағымдарына әсер ете отырып, туу
көрсеткішінің төмендеуіне, өлім, неке, миграция т.б. көрсеткіштерді
анықтайды. Экономикалық демография әдістері халықты тұрмыстық жағынан
қамтамассыз етудегі капитал салымдарының көлемін анықтайды.
Демография ғылымында математикалық әдісті қолданудың маңызы ерекше,
математикалық талдау халықтар қозғалысының нақты анықтамасын, нақты санын,
өзгерістерін, орташа көрсеткіштерін анықтауға және болжам жасауға
қолданылады.
Халықтың демографиялық мінез-құлқын зерттеу әлеуметтік психологияға
жүгінсе, халықтың денсаулық көрсеткішін анықтау әлеуметтік гигиенаға
байланысты. Халықтың қоғамдағы мінез-құлқы құқықтық нормалармен анықталады.
Сондай-ақ демографияда әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы
көрсеткішін жасау арқылы, сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын
көрсететін гипотикалық ұрпақ әдісін; адамдардың нақтылы буынының дамуын
зерттеу үшін когорт әдісін қолданады.
Демографияның міндеттерінің бірі халықтың ұдайы өзгеріс заңдылықтарын
зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат
негіздерін тұжырымдау болып табылады.
Дүние жүзілік демографиялық статистикада халық орналасуын территорияға
бөлгенде, ірі аймақтарға бөліп алу әдісі қалыптасқан. Мысалы, Европа, Азия,
Африка, Америка, Авсралия және Мұхит аралдары халықтары.
Демографиялық энциклопедиялық сөздікті негізге ала отырып
демографиялық ғылымдар жүйесін келесідегідей салаларға бөлуге болады. 1.
Теориялық бөлім: теориялық демография; тарихи демография; жалпы демография;
экономикалық демография; әлеуметтік-демографиялық қозғалыстарды модельдеу.
2. Тұрғындар санын зерттеу әдістері мен халық санының деректері:
математикалық әдіс; статистикалық әдіс; әлеуметтанулық әдіс;
графоаналитикалық әдіс; тұрғындар картографиясы. 3. Аймақтық демография.
4. Қолданбалы демографиялық зерттеу. 5. Әлеуметтік-демографиялық болжамдау.
6. Демографиялық саясаттың теориялық негізі.
Қазақстан халқының демографиялық дамуын зерттеу — ғалымдар назарынан
тыс қалған жоқ. Қазақстан халқы туралы алғашқы ғылыми еңбектер қазан
төңкерісіне дейін жарық көрді. Қазақстан халқының қалыптасу тарихын әр
кезеңде көптеген ғалымдар зерттеді. Қазан төңкерісіне дейін зерттеуші
ғалымдар статистикалық деректер жинап қана қоймай, тұрғындардың табиғи
өсіміне, көші-қон үрдісіне талдау жасады және олардың шаруашылығына,
тұрмысына, мәдениетіне тоқталды.
Қазақстан халқының этнодемографиялық жағдайын зерттеген алғашқы
еңбектер XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жарыққа шықты. Бұл
еңбектер негізінен хабарламалық сипатта болып, демографиялық үрдіске әсер
ететін тарихи, әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлар
қарастырылмады.
Кеңес өкіметі жылдарында демографиялық үрдістерді зерттеуге арналған
көптеген ғылыми еңбектер жарыққа шықты. 1960 жылдардың соңы мен 1970
жылдарда тұрғылықты халықтар туралы жалпы теориялық мәселелерге,
демографиялық дамудың заңдылығына арналған көптеген ғылыми-зерттеу
жұмыстары жазылды. КСРО — ның ыдырауынан бастап, барлық бұрынғы Одақтас
Республикалардағыдай Қазақстанда үлкен демографиялық өзгерістер болды.
Тұрғындар арасында туу көрсеткішінің кемуі мен өлім көрсеткішінің өсуі
нәтижесінде табиғи өсім төмендесе, дәл сондай, сыртқы көші-қон үрдісінің
негізінде пайда болатын механикалық өсім де жоқтың қасы. Қоғамда орын алып
отырған әр түрлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты
республикада халық саны кемуде және тұрғындардың жас-жыныстық құрылымы,
ұлттық құрамы өзгеруде, көші-қон үрдісі әсерінен еліміз білікті мамандар
мен жұмысшылардан айрылуда. Қазақстан республикасының ірі және
демографиялық жағынан мықты мемлекеттермен шектесетінін ескерсек, мұның өзі
еліміздің ұлтық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мұмкін.
№ 2. ХХ-ғасыр басындағы тарихи оқиғалардың демографиялық дамуға әсері
1. Столыпиннің аграрлық реформасы.
2. Бірінші дүние жүзілік соғыс.
3. 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің демографиялық дамуға әсері.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
ХХ –ғасыр басындағы Ресей империясының құрамына кірген Қазақстанның
демографиялық дамуына ғасыр басында болған барлық саяси және басқада
өзгерістер әсер етті. Бұл тарихи оқиғалардың барлығы Қазақстандағы
демографиялық дамуға тікелей және жанама әсер етті.
1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағының мәліметі бойынша еліміздің
қазіргі шекарасы шеңберіндегі аумағында 4147,8 мың адам болған. Оның 3392,7
мыңы, немесе 81,7 пайызы қазақтар болды.
1914 жылы қазақ жеріндегі тұрғындар саны 5910,0 мың адамға жетті.
Олардың ішінде 3845,2 мың тұрғынын қазақ халқы құрады, немесе 65,1 пайыз
болды.
Небәрі 46 жылдың ішінде (1871-1917 жж.) өлкеге 1,6 млн. адам (қайтып
кеткендерді қоспағанда) келіп тұрақтап қалды, олардың негізгі көпшілігі
1907-1916 жж. келді. Осының салдарынан XIX ғасырдын, аяғында және XX
ғасырда Қазақстан халқының көп ұлтты құрамының қалыптасуы шапшаңдады. XX
ғасырдың басында өлкеде 60-тай ұлттың өкілдері тұрды, олардың ішінде түрік
тілдес халықтардан (өзбек, үйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт, және
т.б.) басқа неміс, поляк, мордва, дұнген, тәжік, еврей, және т. б. бар еді.
Столыпинның аграрлық реформасының салдарынан қазақ жерінде басқа ұлт
өкілдерінің үлесі өсті. Қазақтар өз жерінен айрыла бастады. 1916 жылға
дейін қазақтардан алынған жер көлемі 45 млн. десятинаға жетті. 1897-1914
жылдар аралығында қазақтардың үлесі 16,6 пайызға кемісе, славян халқының
саны 16,8 пайызға артқан.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтың саны едәуір азайды, мұның
себебі — табиғи әсім азайып, өлім көбейіп кетті. Бұл 1916 жылғы
көтерілістің жеңілу салдары болатын, сонда жүз мыңдаған қазақ жазалаушылар
қолынан қаза болды және Қазақстаннан сыртқа қашып кетті. 1916 жылы Жетісу
облысынан ғана 105 мың қазақ шетке кетті. Осылайша қазақтың өзінің ата-
қонысында азшылыққа айналуының негізі қаланды.
1916 жылғы 25 шілде жарлығыда Қазақстанның демографиялық дамуына кері
әсерін тигізді. Жарлық бойынша Қазақстан мен Отра Азия халықтарынан 400 мың
адам тыл жұмысына алынуға тиіс болды. Жарлыққа қарсы көтерілген қазақтар
ауыр шығынға ұшырады. Бейбіт тұрғындар аяусыз қырғынға ұшырады. Бұған
шыдамаған 105 мың адам, немесе Жетісу өлкесі қазақтарның 25 пайыз Қытайға
қоныс аударуға мәжбүр болды.
Лекция № 3. Азамат соғысы жылдарындағы демографиялық жағыдай
1. 1917-1918 жылдардағы демографиялық үрдіс.
2. 1921-1922 жылдардағы аштық салдары.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Этностық-демографиялық дамудағы бұл және басқа қисындар, Қазақстанның
көп ұлтты бола түсуінің күшеюі, әсіресе Қазан төңкерісінен кейінгі дәуірде
үлкен қарқынмен жүрді. Қос төңкеріс аралығында қазақ халқының әлеументтік-
экономикалық жағыдайлары төмендеді. Нәтижесінде қазақ халқының
демографиялық дамуы шектелді.
Азамат соғысы Қазақстандағы демографиялық дамуға өзіндік өзгерістер
әкелді. Соғыс нәтижесніде өлкенің тұрғындар санының табиғи өсімі кемісе,
Ресейдің басқа өңірлерінен келген әскери бөлімдер және қоныс аударушылар
есебінен тұрғындардың ұлттық құрамы өзгерді.
Кеңес өкіметінің жүргізген әскери-коммунизм шаралары еліміздің ауыл
шаруашылығын құлдыратты. Ауыл шаруашылығындағы болған апат нәтижесінде
Қазақстанда аштық басталды. Сол кездегі мәліметтерге қарасақ, 1921-1922
жылдары республикада 2,3 млн. адам аштыққа ұшыраған. Аштықтан және оның
салдарынан басқа жаққа көшу үрдісі күрт өскен. 1914 жылғы көрсеткішпен 1922
жылғы тұрғындар санын салыстырсақ өлке халқы шамамен 1 млн. адамға
қысқарғанын көруге болады.
Лекция № 4. 1926 жылғы халық санағы
1. Тұрғындар саны және орналасуы.
2. Тұрғындардың ұлттық құрамы және жас-жыныстық құрылымы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
1920 жылы қазан айында Ресей Федерациясынын, құрамында Қазақтың
Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасы жарияланды, астанасы Орынбор
қаласы болып белгіленді. Бұл қазақтың этностық жерінің бір бөлігін
мемлекеттік құрылымға біріктіруге мүмкіндік берді.
1924 жылы Орта Азия республикаларының ұлттық-территориялық шекаралары
белгіленді, осының нәтижесінде Түркістан АКСР-ның қазақтар тұратын
аудандары (Сырдария мен Жетісу облыстары) Қазақстанның құрамына кірді
Орынбор губерниясы Ресей Федерациясына беріліп, Қазақ АКСР-ның астанасы
1925 жылы Орынбордан Қызылордаға көшірілді.
1926 жылы халық санағы бойынша Қазақстанның, қазіргі шекарасында
6198,4 мың адам тұрды, олардың 58,5 пайызы қазақ, 20,6 пайыз орыс, 13, 9
пайыз украин, 2,1 пайыз өзбек, 1,3 пайыз татар, 1,0 пайыз ұйғыр, 0,8 пайыз
неміс және басқа ұлт өкілдері болды. Егер мұны 1897 жылы Бүкіл Ресейлік
халық санағының мәліметтерімен салыстырсақ 29-30 жыл ішінде республиканың
халқы шамамен 1,5 есе өскен, оның ішінде орыс 2,8 есе, басқа халықтардың
өкілдері 4,3 есе, қазақ небәрі 234,8 мың адам, яғни 7 пайыз ғана өскен.
Қазақтық үлес саны 23,2 дәрёжеге төмендеген, орыс —9,6 дәрежеге, басқа
ұлттар 13,7 дәрежеге өскен.
Қазақ АКСР-ындағы негізгі ұлттардың көпшілігінің сан жағынан өсуі төрт
негізгі бағыт бойынша: 1920 жылы ортасынан бастап көшіп келушілер санының
көшіп кетушілер санынан артық болуы; табиғи есім, туылғандар санының
келгендерден артық болуы; автономиялық республика құрылғаннан және 1924
жылы Орта Азия Республикаларының ұлттық-территориялық шекаралары
белгіленгеннен кейін республиканың нақты әкімшшік шекарасының кеңеюі,
ассимиляциялық және қосылу процестерінің есебінен өсті.
Лекции № 5. ХХ-ғасырдың 20 жылдың аяғы және 30 жылдар басындағы тұрғындар
1. ХХ-ғасырдың 20 жылдың аяғы және 30 жылдардағы демографиялық жағдай.
2. 1931-1933 жылдардағы аштық салдары.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
1920-жылы басында демографиялық құбылыстардың қолайсыз болғаны мәлім,
бір жағынан, 1921 жылы егін шықпауы және жұттың салдарынан шаруалардың бір
бөлігі РКФСР мен Украинаға өз бетімен көшіп кете бастады. Қазақ АКСР-ның
Орталық Атқару Комитеті республиканың шаруа халқына олардың көшіп кетуін
тоқтату үшін арнаулы үндеу қабылдады. Екінші жағынан, 20-жылы басында
Ресейдің әртүрлі аудандарынан (мысалы, Саратов, Астрахань губернияларынан)
Қазақстанға тек шаруалар (орыс, украин, мордва және басқалар) ғана емес,
сонымен бірге қазақтар да көшіп келе немесе қайтып орала бастады.
1925—1926 жылдары көшіп келушілер мен кетушілердің балансы анықталған
сияқты, бірте-бірте көшіп кетушілерден келушілердің саны көбейе берген.
1926 жылы халық санағы кезінде тұрақты халық саны 6268 мың адам болған
жағдайда көшіп келушілер 1601 мың адамға жеткен. Олардың жартысы әкелінген
шаруалар және 1916 жылға дейін көшіп келген қазақтар еді. Сонымен, 1926
жылы желтоқсанда 1916 жылдан 1926 жылы дейін 800 мыңнан астам жергілікті
емес ұлттың өкілдері көшіп келгені тіркелген.
Республикаға көшіп келгендер онан көшіп кеткендерден 638,8 мың адам
артық болған. Олардың көпшілігі Украинадан, Волга бойынан, РКФСР-дың
Солтүстігінен, Батысынан, Орталығынан, азырақ белігі Сібірден, Уралдан,
Белоруссиядан, Орта Азиядан, Қиыр Шығыстан еді. Еуропалық бөліктен көшіп
келгендердің көпшілігі егіншілік аудандарында қоныстануды қалаған. Мәселен,
келгендердің 15 пайызы Қостанай облысына, 40 пайызы Ақмола және Ақтөбе
облыстарына, 24 пайыз Семей облысына орналасты. Демек, бұл орманды дала
және дала өңіріндегі тәлімі егіншілік аудандары көшіп келушілердің көшкен
аудандарының ауа райы мен топырақ жағдайына жақын деген сөз. Оның үстіне
Ресейдің Еуропалық бөлігінен көшіп келгендер бұл өңірлерден өздеріне жақын
этностық ортаға тап болды.
Орта Азия республикаларымен де көші-қоныс қарым-қатынасы орнады.
Жоғарыда аталған факторлардан басқа бұл ауданның көші-қоныс процесіне
ұлттық-территориялық шекараны белгілеу ісі әсер етті. Шығыс Түркістаннан
1916 жылы ұлт азаттық қозғалысына қатысқандар республикаға қайтып оралды.
Республиканың өз ішіндегі көші-қоныс жергілікті халықтың отырықшылануына
байланысты олардың шөл және шөлейт аймақтардан суармалы және тәлімі
егіншілік аудандарына келіп орналасуымен сипатталды. Осымен бірге
қазақтардың қалаларға келіп орналасу тасқыны байқалды. 1926—1929 жылы
Қазақстанда халық санынын, өсуі қарқынды жүріп жатты. КСРО мен
Қазақстандағы демографиялық тенденциялардағы айырмашылық көзге көріне
бастады: елдің өнеркәсібі дамыған және урбанизацияға ілінген аудандарында
бала туу төмендесе, оңтүстік шығыс аудандарында ол көбейді. Республикада
бала туу орыс халқының да, украин халқының да арасында азайған жоқ.
1928—1934 жылы Қазақстанда ашаршылық басталды, ол көшпелі және
жартылай көшпелі елді отырықшыландыру, сол сияқты қолдан урбанизациялау
істерін зорлап ұжымдастыру саясатымен ұштастыра жүргізу салдарынан туды.
Жүздеген мың орыстар, украиндар, ұйғырлар және басқа ұлт өкілдері қырылды,
бірақ қырылғандардың негізгі көпшілігі қазақтар болды. Қолда бар есеп бой-
ынша 1929—1934 жылы 1610 мың қазақ қырылды, 1935—1938 жылы әлеуметтік және
саяси репрессияның салдарынан 135 мың адам жойылды. Қазақтардан барлық
шығын 1750 мың адам болды.
Халықтың 20-жылдың ортасына дейін созылған өз бетінше көшіп-қону
процесі бірте-бірте ұйымдасқан сипат алды. Елдің орталық әнеркәсіпті
аудандарында болған, 1,3 млн. адамға жеткен аса күшті жұмыссыздық ондаған
мың адамдарды жұмыс пен нан іздеп, Қазақстанға Түрксибтің, Қарағанды көмір
бассейінінің, Балхаштың және басқалардың құрылысына кетуге мәжбүр етті.
Қазақстанға елдің басқа аудандарынан да 1931-1940 жылы жұмысшы күшінің
ұйымдасқан түрін қабылдау арқылы ғана 509 мың адам келді. Бұл жұмысшылардың
және жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың басым көпшілігі өнеркәсіп
орындарының, темір жолдардың, қалалардың, жұмысшы поселкелерінің құрылысы
аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа ауысып, осында қалып қойды.
Осымен қатар аграрлық қоныс аудару жүріп жатты. 20 жылдың аяғында —30
жылдың басында Қазақстанға Ресейден, Украинадан және басқа ресубликалардан
тәркіленіп жер аударылған шаруалар, сондай-ақ елдін, Еуропалық белігінен,
Сібірден әскер қатарынан босатылған қызыл әскерлер және қоныс аударған
шаруалар келе бастады, соңғылары жер-жерде коммуналар мен ауылшаруашылық
артельдерін құрды. 1928-1930 жылдардың ішінде жаңа құрылып жатқан
совхоздарға елдің әртүрлі облыстарынан 65 мың отбасы көшіп келді. 1940
жылы Украина мен РКФСР-дің жері аз аудандарынан, әсіресе Мордовия,
Чувашия, Татарстан және басқа республикалардан ерік білдірген шаруаларды
ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу басталды. Сөйтіп Қазақстанға 24,4 мың
отбасы көшіп келді, оларды тың жерлерде астық шаруашылығын дамыту үшін
республиканың солтүстік облыстарына орналастырды.
Лекция № 6. Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы демографиялық даму
1. 1937, 1939 жылдардағы халық санағы.
2. Соғыс қарсаңындағы Қазақстан халқының ұлттық құрамы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
ХХ ғасырдың 30-жылдың ақырында жекелеген ұлт өкілдерін жер аудару бас-
талды, олардың бір бөлігі Қазақстанға қоныс аударылды. 1937 жылы қыркүйек-
қазан айларында Қиыр Шығыстан Казақстанға 110 мың корейлер, Азербайжан мен
Армениядан 2,4 мыңнан астам ирандық, әзербайжан, курд, армян отбастары
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына жер аударылды.
1939 жылы халық санағы бойынша республикада 6094 мың адам тұрды, яғни
1926 жылмен салыстырғанда республиканың халқы 100 мың адамға, немесе 1,7
пайыз азайған. Неғұрлым күшті қырғын қазақтардың басына түскен, олардан бар
болғаны 2314 мың адам ғана қалған, 1926 жылмен салыстырғанда 1314 мыңға
немесе 63,8 пайызға азайған. Украиндардың саны 203 мың, өзбектер 26 мың,
ұйғырлар 28 мыңға азайған. Алайда 1926—1939 жылдар арасында басқа эт-
ностардың саны өскен, әсіресе орыстар 1174 мың адам, яғни 92 пайыз,
татарлар 27 мың —34 пайыз, белорустар 6 мың —22 пайыз өскен.
Сөйтіп, 1939 жылы қарай Қазақстанда этностардың мүлде жаңа жағдайы
қалыптасты. Көшіп-қону экспансиясы күшті қарқынмен жүрді. Қазақтардың үлес
саны 1926 жылы салыстырғанда 20,5 дәрежеге құлдырап, 38 пайызға теңесті,
украиндардың үлесі 13,9-дан 10,8 пайызға, өзбектер 2,1-ден 1,7 пайызға,
ұйғырлар 1,0-ден 0,66 пайыз темендеді. Орыстар Қазақстандағы ең ірі
этностық топқа айналды, олардың үлес саны 20 дәрежеге өсіп, 40,2 пайызға
жетті. Немістер 1,5 пайыз, корейлер 1,6, татарлар 1,6, белорустар 0,5 пайыз
болды.
Лекция №7. Ұлы Отан соғысының демографиялық дамуға әсері
1. Ұлы Отан соғысының демографиялық дамуға әсері.
2. Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Ұлы Отан соғысы еліміздің демографиялық дамуына кері әсерін тигізді.
Қазақстанның әрбір төртінші азаматы соғысқа шақырылды. Нәтижесінде
тұрғындар арасында жанұялық қатынас бұзылды. Ер адамдар жаппай соғысқа
аттана бастады. Туу көрсеткіші кеміп, өлім көрсеткіші өсіп, нәтижесінде
табиғи өсім көрсеткіші кеміді.
Тұрғындардың жас-жыныстық құрылымының бұзылуы туу көрсеткішінің
төмендеуіне тікелей әсер етеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында ер адамдардың
әскер қатарына және тыл жұмыстарына шақырылуының нәтижесінде отбасылық
байланыстың бұзылуы, XX ғасырдың 40-жылдарында бала туу көрсеткішін
төмендетті. Соғыс жылдарындағы бұл демографиялық өзгеріс бүгінгі күнге
дейін еліміздің жас-жыныстық құрылымына әсерін тигізуде.
Ұлы Отан соғысы жылдарында туу көрсеткішінің кемуі нәтижесінде
болашақ аналар — қыз балалар саны кеміді. Мұны табиғи өсімнің брутто-
коэффициентінен көруге болады. 1960-жылдардың аяғындағы, 1970-ші жылдардың
басындағы өнікті жастағы әйелдердің 1941-45 жылдарда туылғанын ескерсек,
брутто-коэффициент Казақстан бойынша (әр анаға шаққандағы өмірге келген қыз
балалар саны) 1941 жылы 2,5, 1942 жылы 1,6, 1943 жылы 0,9, 1944 жылы 0,5,
1945 жылы 0,6 болды. Бұл көрсеткіш әліде бірнеше ұрпақ алмасуында
қайталанады.
Қазақстанда оның түпкілікті тұрғындарының мүдделеріне зиян келтіре
және көшіп келушілердін, үлес санын арттыра отырып, көші-қоныс арқылы
экспансиялау Ұлы Отан соғысы дәуірінде және онан кейін де одан әрі күшейе
берді.
Соғыс жылдары Қазақстанға көшіп келушілердің тасқыны шұғыл артты.
Қазақстанға елдін, батыс бөлігінен көшіріп әкелінген 536 мың адамнан басқа
автономиясы алдын-ала жойылған түтас халықтар осында жер аударылды. Жаппай
жер аударудың қарсаңында, 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 54696
поляк, 3569 латыш, 808 литван және басқа ұлт өкілдері тұрды. Елдегі неміс
халқының да тағдыры осылай болып шықты. 1941 жылғы тамызда Қазақстанға 349
713 неміс көшіріп әкелінді, олардың жалпы саны 441713 болатын. Қалған
немістер Қазақстанға 1944—1945 жылдары қоныс аударылды. Мұның үстіне
Қазақстанның және елдің басқа жерлерінде жалпы саны 2,5 млн. адам неміс
және жапон әскери тұтқындары жұмыс істеді. 50-жылы әскери тұтқындарды өз
отандарына қайтару аяқталды.
Орта Азия мен Қазақстанға 1944 жылы ақпанда шешендер мен ингуштер,
наурызда-балқарлар, қарашада месхет — түріктері, қырым татарлары,
қарашайлар және басқа халықтар күштеп көшіріп әкелінді.
Лекция №8. 1950-1960 жылдардағы демографиялық ақуал
1. ҰОС кейінгі демографиялық даму.
2. Тың және тыңайған жерді игерудің Қазақстан демографиясына әсері.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
1957 жылы чечен және ингуш халықтарының автономиялары қайтадан
қалпына келтірілгеннен кейін олар тарихи отаны Солтүстік Кавказға қайта
көше бастады, қарашайлар, балқарлар, қалмақтар ағылып қайтып жатты.
Гректердің, месхет түріктерінің, қырым татарларының, поляктардың, корей
ұлт өкілдерінің, Еділбойы немістерінің бір бөлігі бұрынғъі тұрған
жерлеріне қайтып оралды. Бірақ олардың негізгі бөлігі Орта Азия мен
Қазақстанда тұрақтап қалды. Кеңестік Балтық жағалауы республикаларына
латыштар, эстондар, литвандар ағылып қайтып жатты.
Соғыстан кейін 50-жылы ортасына дейін Қазақстанға ұйымдасқан түрде
көшіріп әкелу азайды. Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты
республикаға аса ірі көші-қон тасқыны келді, мұның өзі уақыт жағынан ірі
өнеркәсіптік құрылыстар жүруімен түспа-түс келді. 1954—1962 жылдары тың
және тыңайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға 2 млн. жуық адам, олар
негізінен елдің Еуропалық бөлігінен келді. Өнеркәсіп, құрылыс жөне
транспорт үшін жұмысшы күшін ұйымдасқан түрде тарту арқылы 1954—1965
жылдары 0,5 млн, адам келді, бұл республикаға ұйымдасқан түрде жұмысшы
күшін тарту-дың 80 пайыз еді. Жұмысшылардың көпшілігі Украинадан,
Белоруссиядан, Молдавия мен Литвадан іріктеп алынды. Мұның өзі бір жағынан
түпкілікті халық саны мен екінші жағынан келушілер саңының арасындағы
алшақтықты бұрынғыдан да күшейте түсті. 1959 жылы орыстардың үлес саны
42,7 пайыз жетті де, қазақтардъщ үлес саны 1939 жылы салыстырғанда 8
дәреже төмендеп, 30 пайыз ғана болып қалды. Басқа этностық топтардың үлесі
өзгерген жоқ. Қазақстанға көші-қон тасқыны мұнан кейінгі кезде де аздап
баяулаған қарқында жүріп жатты, бірақ ол 70-жылы келушілерден көшіп
кеткендер саны артық болып қалыптасты.
Республика халқының саны 1959 жылы 9294741 адам, яғни соғысқа дейінгі
саңынан 1,5 есе артық болды.
Қазақтардың саны 20 жыл ішінде бар болғаны 474 мың адамға (20 пайыз),
орыстар 1523 мың ( 62 пайыз), украиндер 105 мың (16 пайыз), белорустар 76
мың (3,4 есе), ұйғырлар 24,4 мың (69 пайыз), басқа халықтар 311 мың (2,6
есе) өскен. 1939 жылы немістердің саны 92379 адам болғаны мәлім, ал олар
1959 жылы 659658, әзірбайжандар 12 мыңнан 38 мыңға жеткен. Осы уақыт ішінде
корейлердің саньі 0,8 пайыз кеміп, жалпы саны 22 мың адамға азайған.
Лекция №9. 1970 жылдардағы Қазақстан халқы
1. 1970 жылдардағы Қазақстан халқы.
2. 1970-1979 жылдардағы халық санағы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
1970 жылы қарай Қазақстан халқының саны 13 млн. адамнан астам болып,
40 пайыз жуық өсті, олардың ішінде қазақ 4234 мың (32,6 пайыз), орыс 5522
мың (42,5 пайыз), украин 933 мың (7,2 пайыз), неміс 858 мың (6,6 пайыз),
татар 288 мын, (2,2 пайыз), езбек 216 мың (1,7 пайыз), белорус 198 мың (1,5
пайыз), ұйғыр 121 мың (0,9 проц,), корей 81 мың (0,6), әзірбайжан 58 мың
(0,4 пайыз), басқа ұлттар 498 мың болды.
Бұдан Қазақстандағы ең саны көп этнос 1939, 1959, 1970 жылы халық
санағы арасында орыстар болды. 1939—1970 жылдар арасында орыстар,
украиндар, белррустар (қосып санағанда) халықтың басым көпшілігі болып
келді.
Осыған қарамай 1969—1970 жылдары қазақ халқынын, демографиялық
дамуында бетбұрыс болды. Бүған бірсыпыра факторлар: салыстырмалы түрде
табиғи өсімнің жоғарылығы, көші-қон үрдісі қарқынының төмендеуі,
келушілерден кетушілер санынын, артуы көмектесті. Осының нәтижесінде
қазақтардың жалпы санының өсуімен бірге, республика халқының құрамында
олардың үлес санының да үнемі өсу тенденциясы басталды. Оның үлее саны
қазан төңкерісіне дейін-ақ үнемі кеміп келе жатқаны мәлім, ал 1897—1959
жылдары 81,8 пайыз 30 пайыз дейін темендеді. Республикада қазақтардың жалпы
саны 1959—1970 жылдары 1446,9 мын, адамға, яғни 51,9 пайыз көбейді. Сөйтіп
XX ғ. 60-жылы қазақтардың біршама шапшаң табиғи өсіп, болашақта өзінің
этностық территориясында неғұрлым саны көп халық болуының негізі қаланды.
1970 жылы қарай негізгі этностардың урбанизациялану дәрежесіндегі
алшақтықтар елеулі түрде азайды. Қазақтар мен орыстардың урбанизациялау
дәрежееінде 1970 жылы екі еседен астам айырма болды, ал бұл айырмашылық
1926 жылы 10 есе болатын. Мұндай айыр-машылықтың шұғыл азаюына республиканы
индустриаландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, КСРО-дағы мәдени революция
көмектесті. Орыстар, татарлар, корейлер, негізінен қалада тұратын этностар
болып қалды да, қазақтар, немістер, өзбектер, әзірбайжандар ауыл-селолық
этностар болды.
Егер республиканы тұтас алғанда қала тұрғындарының үлес саны 1959-дан
1970 жылы дейін 6,5 дәрежеге өссе, орыстар (10,1 дәр.), украиндар (13,4),
корейлер (17,9), әзірбайжандар (13,1 дәрежеге) неғүрлым шапшаң
урбанизацияланды. Белорустар ғана бұрынғы урбанизациялану дәрежесін сақтап
қалды, қалған этностар қала халқын қалыптастыруда соңында қалды.
1979—1989 жылдары этнодемографиялық құрамның ағымы мынаны көрсетеді:
1979—1989 жылдары. халықтың жалпы өсімінде қазақтардың үлес саны 70,
орыстардың үлесі 13, немістердің үлесі 3 пайыз болды. Оның бер жағында
Қазақстанда қазақтардың өсуі 23,5 пайыз, орыстар 3,9 пайыз, немістер 6,4
пайыз, татарлар 4,6, өзбектер 26,1, белорустар 11 пайыз, ұйғырлар 25,3
пайыз, корейлер 12,3 пайыз өсті. Жанұядағы бала саны қазақтарда үнемі
төмендеп келеді: 1972 жылы 5,01 болса, 1978 жылы 4,85, 1985 жылы 4,27.
Қазақ әйелінің бала тууы 1979 жылы 5,787 болса, 1989 жылы 3,584, бұл 1979
жылы дәреженің 61,9 пайыз Қазақстанда қазақтардың табиғи есуі 1962 жылы 110
мың адам (халықтың жалпы табиғи өсімінің 37 пайыз) болса, 1964 жылы 111 мың
болған (43 пайыз), 1970 жылы 107,7 мың (48,1 пайыз), 1972 жылы 114 мың
(49,0 пайыз), 1979 жылы 125 мың (52,1 пайыз), 1989 жылы 162 мың адам (63,5
пайыз) болған.
Лекция №10. 1980-1990 жылдардағы демографиялық ақуал
1. 1989 жылғы халық санағы.
2. Кеңес өкіметінің ыдырауының демографиялық дамуға әсері.
3. 1980-1990 жылдардағы демографиялық ақуал.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
1980—1989 жылдары бүрын аграрлық этностар болып келген қазақтардың
(53,3 пайыз) ұйғырлардық (52,8 пайыз) өзбектердің (30 пайыз)
урбанизациялану дәрежесі неғүряым шапшаң өсті. Сейтіп Қазақстан
этностарының екі тобының әлеуметтік-экономикалық даму жөнінен шапшаң теңесу
тенденциясы бар, дегенмен бұлардың арасындағы зор айырмашылық сақталып
отыр. 1970—1989 жылдары ауылдық жердегі қазақ халқының этностық
топтасқандығы сақталып қана қоймай, ол күшейе түсті. Бұған ауылдық жердегі
халықтың табиғи өсу дәрежееінің жоғарылығы, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-
батыс, оңтүстік-шығыс шөл және шөлейт аймақтарының ауа райы жағдайының КСРО-
ның Еуррпалық бөлігінен, Сібір мен Қиыр Шығыстан көшіп келушілер үшін
ұнамсыздығы көмектесті. Алайда бұл облыстар қалаларына КСРО орталық
ведомстволарының күш салуымен экстенсивті жолмен өнеркәсіпті дамытуға, ірі
келемде күрделі құрылыстар жүргізуге жаңа қоныстанушылар жіберіліп жатты.
1989 жылы қазақтардың урбанизациялануы 38,4 пайыз, немістер 49,1 өзбектер
37,3, ұйғырлар 34,2 пайыз жетті. Неғұрлым урбанизацияланған ұлт орыстар
(77,8 пайыз), украиндар (65,3), татарлар (77,2), белорустар (61,6),
корейлер (84,2 пайыз) болды.
1951—1970 жылдары жалпы алғанда КСРО-ның басқа аудандарынан
Қазақстанға кеші-қон үрдісінің бәсендеуі байқалды. 1951—1970 жылдары 100
мың адамнан астам дәрежеден кетушілерден кетушілердің басымдылығына дейін
өзгерді. Осымен бірге қазақтар басқа республикалардан, еол сияқты 1955—1959
жылдары және 1962-жылы Қытайдан кері көшіп келіп жатты.
1970—1990 жылдары республикааралық көші-қон үрдісінде келушілерден
кетушілер артық болды. 1970 жылы көшіп кетушілер 35 мыңнан 1988 жылы 95 мың
адамға жетті. 1985—1988 жылдары республика аралық айырмашылық Қазақстандағы
саяси процестерді кейбір орыстардьщ өздері үшін қолайсыз деп санауы
нәтижесшде олардың көшіп кетуінің көбеюінен болды. Қазақстанда 1983—1987
жылдары халықаралық эмиграция санаулы ғана еді. 1988 жылы бастап КСРО-да
эмиграцияға шек қою тоқтатыла бастады. 1988 жылы бұл процесс өсе түсіп, ол
92,3 мың адамға жетті. Эмигрантгардың негізгі бөлігі немістер, еврейлер,
гректер болды.
1989—1990 жылдары республикааралық теріс көші-қоныс 1989 жылы 46,8
мыңнан 1990 жылы 36,6 мыңға дейін азайды.
Қазақстаннан басқа республикаларға көшіп кетушілер арасында 1988—1990
жылдары орыстар 53—55 пайыз, украиндар 9—12, немістер 6—8, қазақтар 6—9
пайыз, республикаға көшіп келушілер арасында орыстар 48 пайыз украиндар 8,
немістер 5, қазақтар 20 пайыз болды. Сөйтіп 1990 жылы республикааралық көші-
қоныста орыстардың саны 17,7 мың, украиндер 4,1 мың адамға азайды, қазақтар
16,6 мық адамға көбейді. Қазақ этносының тарихи отанына жиналу процесі
күшейді. 1989 жылы бастап қазақтардын, Өзбекстаннан (әсіресе
Қарақалпақстаннан), Ресейден, Түрікменстаннан көшіп келу процесі күшейді.
Лекция №11. 1999 жылғы халық санағы
1. Санақ жүргізу әдістемесі.
2. Тұрғындар саны және орналасуы
3. Тұрғындардың жас-жыныстық құрылымы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Тұрғындар туралы негізгі статистикалық мәліметтер жинаудың негізі,
арнайы ұйымдастырылған, бірыңғай бағдарлама, әдіспен барлық жерде бір
уақытта жүргізілетін халық санағы болып табылады және соңғы санақ
қорытындысын бұрынғы өткен санақ мәліметімен салыстырып, алдағы уақытқа
болжам жасауға болады. Біріккен Ұлттар Ұйымының статистика комитеті 1960
жылдан бастап барлық мемлекеттерге он жылда бір рет халық санағын өткізуді
ұсынды. Мұның өзі жекелеген мемлекеттің және жер шарының тұрғындарының
нақты санын білуге мүмкіншілік береді.
Қазақстанда ең алғашқы санақ 1897 жылы патша өкіметінің кезінде
жүргізілсе, кеңес өкіметі орнаған соң 1920, 1923, 1926, 1937, 1939, 1959,
1970, 1979, 1989 жылдары халық санағы өткізілді.
1999 жылы 25 қаңтардан 4 наурыз аралығында Қазақстан Ұлттық
статистикалық агенттігінің басқаруымен республикада тәуелсіздік алғаннан
кейін бірінші рет халық санағы жүргізілді. Санақтың ерекшелігі, біріншіден,
бағдарламасы, стандарты, методологиясы Біріккен Ұлттар Ұйымының талабына
сай, екіншіден, XX ғасырдағы қорытынды санақ болғандықтан XXI ғасырдағы
еліміздің демографиялық жағдайына болжам жасауға болады.
Санақтың бағдарламасын 1998 жылы 4 тамызда Республикалық комиссия
бекітті, оған әлеуметтік- демографиялық, экономикалық, баспана мәселесі
сияқты 23 сұрақ енгізілді. Оның 18 сұрағы демографиялық, әлеуметтік-
экономикалық, 5 сұрағы тұрғындардың баспана мәселесіне (жеке меншік немесе
жалға алынған баспана, пәтердің, үйдің тұрмысқа ыңғайлылыгы) және бірге
тұратын адамдар санын анықтауға арналған. Кеңес өкіметі жылдарындағы санақ
сұрақтарымен бірге тұрғындардың табысы, адамның еңбек статусы (жұмыс
беруші, жалдамалы жұмысшы, жұмыссыз), мемлекеттік тілді білуі, көші-қон
үрдісі сияқты сұрақтар енгізілді.
Лекция №12. Қазақстан Республикасының демографиялық дамуы
1. Тұрғындардың ұлттық құрамы.
2. Тұрғындардың орналасуы.
3. Тұрғындардың жас-жыныстық құрылымы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Санақ аралығындағы он жылда Қазақстан Республикасының халқының
демографиялық дамуы өзгеріске ұшырады. Тұрғындар арасында туу көрсеткішінің
азайып, өлімнің көбеюі табиғи өсімді кемітті, көші-қоным үрдісі нәтижесінде
механикалық өсім болмауы 1989 жылғы Бүкілодақтық, 1999 жылғы республикалық
халық санағы аралығында облыста тұрғындар санын азайтты.
Санақ қорытындысы Республикада он жыл аралығында болып өткен (1989
жылдың 12 қаңтарынан 1999 жылдың 25 ақпаны аралығы) және тәуелсіздік
алғаннан кейінгі жеті жыл ішінде қалыптасқан демографиялық үрдіске талдау
жасаута мүмкіндік береді.
1999 жылы Шығыс Қазақстан облысының жер көлемі 283,3 шаршы шақырымды
алып жатты, ол Республика территориясының 10,4%-ын құрайды. Көлемі жағынан
Шығыс Қазақстан облысы Республика бойынша Қарағанды (428,0), және Ақтөбе
(300,6) облысынан кейін үшінші орында. Облыс территориясында 14 аудан, 10
қала (оның 5 облыс қарамағында), 30 поселка, 224 ауылдық округ, 846 ауылдық
елді мекен орналасқан. Санақ аралығындағы он жылда облыста 84 ауылдық елді
мекен қысқарды.
Санақ мәліметі бойынша облыста халық тығыздығы 1989 жылғы әрбір шаршы
шақырымға 6,2 адамнан келіп (республикада 6 адам) республикалық орташа
көрсеткіштен жоғары болса, 1999 жылы халық тығыздығы 5,4 адамға төмендеп
республикалық көрееткішпен теңесті. Шығыс Қазақстан облысы халық тығыздығы
жағынан республика бойынша 14 облыс арасында 7 орында. Егер республикамен
шектелетін басқа мемлекеттермен салыстыратын болсақ, Россияда халық
тығыздығы 9 адам болса, Түркіменстанда 10, Қырғызстанда 22, Өзбекстанда 52,
және Қытай мемлекетінде 125 адам. Көрші мемлекеттердің халық … жалғасы