Қазақша — орысша сценарий: 25 Мамыр — Соңғы қоңырау (Сыңғырла, соңғы қоңырау)

0

Сценарий тақырыбы: Сыңғырла, соңғы қоңырау
Сап түзу.
1 жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар,қонақтар!Қадірменді ата — аналар!Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!Бүгінгі күні кең байтақ Отанымыз Қазақстанның түкпір – түкпіріндегі білім ордаларында — мектептерде 20**-20** оқу жылының «Соңғы қоңырау» мерекесі өткізілуде. Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәтте келіп жетті.Осынау алтын ұя теңдесі жоқ ана да, дана да. Жаны шуақ та, нұрлы жүрегі Сарыарқаның самалына ізгі жан барын бәріміз жүрегімізбен сеземіз.
Бүгінгі күн! 11 жыл бойы тәлім – тәрбие берген ұстаздар мен ата — аналардың еңбегінің жемісі болып саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасынан шығып үлкен өмірге қадам басардағы қуанышты күні.
Бұл –алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын, жастар үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентелік сәт.

2 вед. Добрый день всем! Мы рады приветствовать вас! По старой школьной традиции звуки школьного вальса сопровождают сегодняшний праздник. Праздник одновременно веселый и грустный, праздник, который открывает в жизни новые двери и делает из прожитых школьных лет приятное воспоминание — Последний звонок.
1 жүргізуші: Думанды дүбір ән жырлы
Жайқалған өмір жас бағы.
Мінеки, тағы бір жылды
Сырғытып артқа тастады.

Ұстаздардың – жаны нұр
Шаттық кейін бөліскен.
Аяқталды тағы бір
Оқу жылы жеміспен.
Төрт жыл бойы білімге жол ашқан оқушыларымыз өздерінің бастауыш сыныбымен қоштасып, жоғары сынып табалдырығын аттағалы отыр. Осы қуанышқа орай, жас түлектерге құтты болсын айтып, ортамызға шақырайық.
( 4 сынып оқушылары кіреді)
Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Ортамызға осы мектеп қабырғасында 9 жыл білім нәрін алған 9 сынып оқушыларын қошеметтеп қарсы алайық.
( 9 сынып оқушылары кіреді)

2 вед. Здравствуйте, уважаемые педагоги, родителии ученики!
Сегодняшняя торжественная линейка посвящена знаменательному событию в жизни выпускников нашей школы. Сегодня для учеников 11-х классов.
Прозвучит последний звонок.
В течении 11-ти лет выпускники, в знак уважения, стоя встречали педагогов, входящих в класс. Давайте же сегодня стоя встретим тех, кто уходит из школы в большой мир. Школа! К встрече выпускников 20**-20** года стоять смирно!
Равнение на выпускников школы!

1 жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.

(Ортаға түлектер шығады. Сап түзеп тұрады.)

2 жүргізуші: Ән ұраным көгімде шарықтасын,
Көгілдір ту қиялда қалықтасын.
Әлем танып, білетін Елтаңбамды,
Шәкірт біткен жырлаудан жалықпасын.
Мектеп сапқа түзел» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы салта-наты жиынға әкелінсін.

(Ту кірген соң гимн айтылады.)

1жүргізуші: Келешек қой түлектер барға шүкір
Алдарында ақ қанат арманы тұр.
Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.
Жетелейді қиялы алға ұшқыр!

Ажырамай ұжымынан бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік мектептің басшысына
Түлектерге арналсын тілегіңіз.
2 вед. Вместе с вами взволнован сегодня,
Как бывает в минуты разлук,
Главный кормчий семьи вашей школьной,
Самый мудрый советчик и друг.
Был он всех начинаний душою
И, заботясь о вашей душе,
В груды дел уходил с головою,
Забывая порой о себе.

Слово для поздравления предоставляется директору школы
Махамбетову Е.Е.

(Мектеп директоры сөз сөйлейді)
1жүргізуші: Арнап келер мерейтой, мейрамдарда
Мәртебең де биік қой мейрам бар да.
Бүгінгі мектеп кешіне тілек айтсын –деп отырып, сөз кезегі қонақтарда:
1.—————-
2. —————-
Ведущий2: Сегодня на нашем празднике очень приятно видеть блюстителя дисциплины, законодателья расписания и просто очаровательного человека – нашего завуча Жетписову Б.С. Слово предоставляется заместителю директора по учебной работе…
Жетписовой Б.С

1жүргізуші: Даладай кең түсінігі, ұғымы
Қазаққа тән мінезі мен қылығы
Самалдың сам алтындай ұл- қызы
Алдарыңызда 4 а сыныбы
Сөз кезегін 4 сыныпқа береміз
Ведущий 2:
Опять весна на белом свете,
На школьной радостной планете.
Природа снова оживает:
Звенит, цветёт, благоухает.
И это чудо в нашем зале:
Каких людей мы здесь собрали!
Здесь море умных, чистых глаз,
Здесь молодость чарует нас
Здесь души полны ожиданьем,
Любви нечаянным признаньем
Парит торжественно волненьем
Они мотив сей долго ждали
Их имя выпускник!
Они пред вами!!
1 жүргізуші:
Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында

2ведущий: Школьные годы быстро прошли.
Выросли Вы, повзрослели.
Ждет у порога другая Вас жизнь –
Радости, бури, метели.

Пусть годы отчаянно мчатся и дерзко,
Как воды стремительных рек,
Но пристанью Вашего детства
Останется школа навек.
Слово предоставляется выпускникам 9-11 кл
Ұлжан: Сенен ыстық алтын ұя таппадым,
Өзіңде өтті балғын бала шақтарым.
Қоштасамын қимастықпен мен енді,
Еске алған соң балалықтың шақтарын.

Арман:Балапандай бауыр басқан ұяда
Бірге өскен мектебін жан қияма
Жолдама алып болашаққа өзіңнен
Білім іздеп самғаймыз әр қияға.
Асан
Мейірге толы мектебім
Айқара ашқан құшағын
Балапаның болып мен сенің
Өзіңнен түлеп ұшамын.

Фариза
Бірге жүрдік 11 жыл бірге ойнадық
Бірге оқыдық 11 жыл бірге ойладық.
Келді бүгін қоштасатын кезіміз
Ақтық рет мектеп тойын тойладық
Айханым
Мектеп, мектеп менің жақын көңілім,
Мектеп, мектеп шаттық толы өмірің
Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп ана болып та көріндің.
Асемгүл
Өміріміз өз аулаңда көктеді,
Күлімдеді көңілдің шат көктемі.
Тұрмыз енді қоштаса алмай, қия алмай
Талмас талап, арман ойдың мектебі.
Мира
Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі сын
Тыңшымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Аягөз
Ұстаздарға, мектебіме – ұяма,
Біз сөз айтпау адамдыққа сия ма.
Сіздер берген тәрбиемен біліммен,
Ұшып бара жатырмыз ғой қияға.
Қуат
Ұстаздарым, сіздер қымбат екенсіз,
Осы сөзім шындықтардан бетер шын,
Соңғы қоңырау кеште болса айтайын,
Өкпелеткен кездер болса кешерсіз!
Гүлнұр
Жалықпастан үйреттіңіз біздерге,
Ұстаздарым мың-мың алғыс сіздерге.
Армандадың біздер адам болса деп,
Тілек тілеп тұрасыздар біздерге!

Нұрболат
Сабақ білсек жадырайтың қабағың,
Әр ақылың сөздеріңдей дананың
Баршаңызға құрметпен бас иеміз,
Қадірлейміз шәкірттің қымбат адамын!
Бақытжан
Сағынармыз біз сіздерді қашанда,
Қиырларға қандай алыс барсақ та.
Аман болшы ұстаздарым, мектебім,
Түлектерің қанат қақсын жан-жаққа!
Ұлжан
Қош болыңдар, ұстаздарым, мектебім,
Қоштасамыз қоштасатын кез келді.
Қанат қағып қияға ұшып кетсекте,
Ұмытпаймыз ешқашанда сіздерді!
Аягөз бен Гүлнұрдың орындауында «Мектебім әні»

1жүргізуші: Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын –жазушыда, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға сазды сәлем жолданады.
2жүргізуші:Одиннадцать лет прошли быстрее сказки,
Ты — выпускник, и оглянуться не успел,
И нет в руках учительской указки,
И нет в ушах приятельской подсказки,
И стерся до последней крошки мел.
(Түлектердің дайындаған өлеңдері)
1. Биолог маманы-мектебімнің басшысы,
Сауаттылық, шешендікке талап қояд ол кісі.
Байбұлан ұстаз, өзіңіздей болса егер,
Шәкірттердің алға басар бар ісі!
( ән орындалады)
2. Тәрбие мен білім егіз қашанда,
Мықты тірек керек әрбір ұжымға.
Шәкірттерің мектеп атын шығарар,
Атлас, Бакыт апайларым сіз барда.

3. Білім басы басталар бастауыштан,
Әліппені оқытып, әріптерді танытқан.
Бастауыштын мугалiмдерi сiздерге,
Құрметтейміз бас иіп, әрқашан!

4. Бізбен бірге мұңайып, бізбен бірге қуанған,
География маманы, Толеген агай ізгі жан.
Біз тілейміз ұстазым әрқашанда,
Алдыңыздан күліп атсын, аппақ таң!

5. Математика-күрделі пән мектепте,
Ұстаздарым үйретеді еңбекпен.
Бақыт, Алуа атты апайлар,
«Рахмет» деп бас иеміз сіздерге! (Жұлдыз)

7. Ана тілдің қасиетін үйреткен,
Сөз сөйлетіп, жыр жаттатып, мәнермен.
Курметтi Жанiбек агай ұстазым
Шығармайды шәкірттерің мәңгі естен!

8. Өміріме қажетті орыс тілі,
Көп тіл білу-артық емес бұл күні.
Гульдария апай әрқашан еңбектеніп,
Қиын тілдің үйретті қыр мен сырын.

9. Ағылшын тілі-жаңа заман талабы,
Аида апай, сол саланың маманы.
Ұстаздардың бәрі болса тек сіздей,
Жетістіктер біз алатын бар талай!

11. Жаратылыстың сырын бізге ұқтырған,
Химияда, физика да келешекте керек пән.
Асем апай сізге де мың алғыс,
Элемент пен теорияны жаттатқан.

12. Оқушының сүйікті бір пәндері,
Суретпенен, музыкалық өнері.
Ұстазымыз Жанаргулдей апайга,
Шәкірттерің сізге табыс тілейді!

13. Шәкірт үшін әркез тыным таппаған,
Өнерліні өрге сүйреп баптаған.
Азамат агай тарих панiнiн маманы
Қайда жүрсем өнеріммен мақтанам!

14. Шынықтырып денені,
Сау болсын деп деніміз.
Улан деген ағай бар,
Талап қоя біледі.
Жүгіру де, секіру,
Шаңғы тепкен күндерді.
Білім алған шәкірттер,
Әркез еске алады!

15. 20 жыл оз iсiнiн маманы,
Әскери ант, сап түзеуді жаттатқан.
Еркiн агай жемісті еңбек тілейміз,
Осы мектеп тулектерiнің атынан!

18. Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы.
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
(ән орындалады)
Дина: Құрметті бүгінгі соңғы қоңырау салтанатына жиналған қадірлі ұстаздарымыз!

Юля: Ата-аналарымыз!

Зумрад: Сыныптас достарымыз!

Денис: Міне, біз бүгін « тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» алтын ұя мектебімізбен,

Ұлжан: бізді 11 жыл оқытып, білім нәрін сіңірген, аяулы да, ардақты ұстаздарымызбен,

Нұрболат: Құлын-тайдай тебіскен, бірге оқыған достарымызбен қоштасқалы отырмыз.

Асан: Енді біздің құлағымызға күмбірлеген күміс қоңыраудың үні естілмейді,

Арман: Енді біз, ең қызықты сәттерімізді өткізген мынау- мектеп ауласында жарыса жүгіріп, сынып парталарына таласа-тармаса отырмаймыз.

Бақытжан: Енді біз, 11 жыл бойы «еркелігіміз бен тентектігімізді» көтерген ұстаздарымыздың сабақтарында отырмаймыз, тақтаға шығып сабақ айтпаймыз.

Ұлжан: Біз осы мектептен тәлім-тәрбие ала жүріп, болашағымыздың іргетасын қаладық. Дәл қазір сол күндерге деген қимастық сезімді бастан өткеріп мұңайсақ та, ертеңгі келешегімізді ойлап, жүрегіміз лүпіл қағып тұр.

Фариза: Сыныптас достар! Барлығымыз күш- жігерімізді аянбай салып, білімнің шыңына шығуға, Ұстаздарымыз бен ата-аналарымыздың сенімін ақтауға тырысып, мектебіміздің мерейін көтеріп, мақтанышы болайық!

Денис: Бізге алғаш рет әліппені ұстатып, әріптерді танытқан, алғашқы ұстазымыз-Атлас Медеуқызына;

Дина: Және біз десе ішкен асын жерге қоятын жанашыр жетекшіміз-Арай Самжанқызына;

Арман: Осы уақытқа дейін білім мен тәрбие беріп, үлкен өмір жолына дайындаған қымбатты ұстаздар қауымына, ата-аналарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз!

Асан: Білесің бе, уақыттың зулайтынын,

Бақытжан: Уақыт шіркін, бір орнында тұрмайтынын,

Нұрболат: Он жыл бойы сіңірдік білім нәрін,

Бірге: Қош бол мектеп, аяулы ұстаздарым!
Гүлнұр
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп
Шәкірттерін баулыды, тәртіпті қып
Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен
«Ұстаздар » өлеңін айтып тұрып.
«Ұстазым» Хор.
1 жүргізуші: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,
Мұғалімді ардақтамас бар ма жан.
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Ведущая 2 Дорогие выпускники!
Сегодня все в большом волнении.
Сегодня все хотят поздравить Вас!
И просятся сюда на сцену
Наш самый младший – первый класс!!
Выступление первоклассников
1 сынып ант береді
11 сыныптың тілегі (Арман шығады)
1 сыныпқа сыйлық беріледі

1 жүргізуші: Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,
Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар,
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Санасы биік адал дос табыңдар!
Келесі ән сіздерге арналады Нұрмашева Мөлдірдің орындауында

2ведущий: Школьные годы быстро прошли.
Выросли Вы, повзрослели.
Ждет у порога другая Вас жизнь –
Радости, бури, метели.

Пусть годы отчаянно мчатся и дерзко,
Как воды стремительных рек,
Но пристанью Вашего детства
Останется школа навек.

И пусть всегда учеников в школе встречают отзывчивые, понимающие, всепрощающие учителя и классные руководители
1 Жүргізуші: Өткенде бізден ағаттық,
Байсалдылықпен тағат қып,
Балалық болса кешірген,
Байыппен баурап өсірген,
Үлгілі әр кез, ұстамды,
Сабырлы, ізгі ұстазды
Анадай көріп сыйлаймыз:
Айырылар кезде қимаймыз.
Құттықтау сөз 4, 9,11 сынып жетекшілеріне берілді.
Ведущая; Люди, однажды пришедшие в школу по велению сердца, никогда не покинут этот вечно шипящий страстями дом.

Жүргізуші: Мектеп- біздің таңғажайып үйіміз! Мұнда бәрі араласып жатыр: Балалық шақ пен есею, жастық пен жалынды сезім, ғылым мен өнер, арман мен шынайы өмір.Бұл үйде қуаныш пен көз жасы және кездесу мен қоштасу да бар. Мектеп қызықты өмір сүруде.
Ведущая; Да, школа для каждого из нас остается светлым, радостным островком детства.Взрослому никогда уже на него не вернуться.
Жүргізуші; Бұл аралдың тұрақты тұрғыны – тек қана ұстаздар. Өйткені мектеп – олардың туған үйі, ал барлық оқушылар- балалары, достары, қала берді, көмекшілері.
Ведущая 2: У каждого в жизни единственный раз
Бывает свой первый, свой памятный класс
И первый учебник, и первый урок
И первый заливистый школьный звонок
Кто дверь открыл в строку знаний открытий
Ваш первый учитель
Слова предоставляется первым учителям.
Жүргізуші 1:
Мында біреу жымияды қызына,
Мында біреу ақыл айтады ұлына,
Мында біреу сөз сөйлейді сызыла,
Мында біреу елтіп отыр жырыма.
— Ол кім?-десең,
Қуаныштан езулерің жымиған.
Ұстаз білім берсе егер, жарық нұрын сыйлаған.
Баласының болашағы үшін өмір сүретін,
Ол ата-ана, әлемдегі сыйлы адам.

Ведущий 2 :
— Мы приглашаем на сцену тех, кто не меньше наших выпускников волнуется и переживает. Тех, кто благодарен учителям так же, как и выпускники – ваших любимых пап и мам, которые вместе с вами прошли этот долгий путь с 1 по 11 классы. Слово родителям.
1-Жүргізуші:
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Шәкірттерін баулиды тәртіпті қып.
Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен,
«Мектеп вальсін» билеп тұрып.

«Мектеп вальсі» бітіруші түлектер.
Ведущая 1.: Наступает самая радостная и торжественная минута. Сейчас для вас, выпускники, прозвенит звонок. Этот звонок особенный, он не похож ни на один ранее звучавший. Пусть его звон сохранится в ваших сердцах, как звон детства, школьной дружбы и добрых, хороших воспоминаний об этом дне.
Мы смотрим тревожным и радостным взглядом, в предчувствии новых путей и дорог.
Сейчас он раздастся по всем коридорам.
Печальный, прощальный, последний звонок.
Звенит он над прошлым и настоящим.
Над всем, что берег ты, и что не сберег.
Звенит он над детством твоим уходящим
Веселый и грустный, последний звонок.

Ведущая 1: Право дать последний звонок предоставляется…..
Ученику 11 класса _________
И ученице 1 класса___________
1-Жүргізуші:
Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,
Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз
Сол бір сәттер енді қайтып келер ме?
Балалығым бір өзіңді қимаймыз,
Алтын ұя мектебім мен аяулы
Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз,
Қош енді балалығым бал дәмім
Мен өзіңді ғұмыр бойы аңсаймын.
Үлкен өмірге аттанған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!
Ведущая1:Дорогие выпускники, вот и прозвучал для вас последний звонок! Перед вами открывается большая жизнь, со всеми её радостями и горестями, трудностями и нескончаемыми дрогами

Выбирай свою дорогу и иди по ней уверенно.
Так учила тебя школа.
Будь, благодарен ей за это, за свои первые улыбки и ошибки, за отметки в дневнике, за друзей, которых она тебе подарила.
Позади у тебя только школа, впереди — вся жизнь!
В добрый путь!
1-Жүргізуші:
Ұшырады мектебің өз қолынан,
Көріне бер ғылымның сан қырынан
«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой» -деп,
Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт сапар!» —деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін!
Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың болсын!
(Түлектерді шығарып салады)
Ведущая: На этом наша торжественная линейка объявляется закрытой.
Ведущий2:Осымен біздің салтанатты жиынымыз аяқталды.
1-Жүргізуші:
Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
Сап түзелсін, салтанатты жиынымыздан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкетілсін. (Ту әкетіледі)
1-Жүргізуші:
Жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар! Салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялаймыз.