Теңіз кен орнында 25 жұмысшы уланып қалды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Дәрігерлердің айтуынша, 21 жұмысшы амбулаториялық ем алуға жіберілген, қалған төртеуі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Теңіз ауылында «ЮлмарСервиз» ЖШС-нің 25 жұмысшысы кешкі астан кейін өздерін нашар сезінген. Олар улану белгілерімен Құлсары орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Медициналық қызметкерлер хабарлағандай, науқастардың 21-ін дәрігерлер қарап, амбулаториялық ем алуға жіберген, қалған төртеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «Ақ Жайық» басылымы.

Қазір науқастардың жағдайы бір қалыпты. Улану себебі сараптама нәтижесінде белгілі болады, деді аудандық аурухананың бас дәрігері Зылиха Құлғазиева.

Бұдан бұрын Қарағанды облысы Абай қаласында жаппай улану жағдайы болған еді. Ол кезде дөнер жеп уланған 12 адам медициналық көмекке жүгінген.

Шымкенттіктер балмұздақтан жаппай уланды



sputniknews.kz