Критериалды бағалау- сапалы білім кепілі
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Критериалды бағалау- сапалы білім кепілі
Автор: Джазыкбаева Жанат Турсунбековна
Бағыты: Жаңартылған бағдарлама Бөлімі: Баяндамалар, реферат Сыныбы: 3 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-12
Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама. Критериалды бағалау- сапалы білім кепілі
«Өмір бойы білім алу- әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет»Н.Ә. Назарбаев Елбасымыз Н. Ә. Назарбааев Қазақстан халқына жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға кірігу тілі»-деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Бұл үштілділік саясатын жүзеге асыру-білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформаларға тікелей байланысты. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Оқушылардың оқу жетістіктерін әділ және шынайы бағалау жүйесі, білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі болып саналады.Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі — критериалды бағалау жолдары. Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалаудың екі түрі бар- жиынтық және қалыптастырушы.Қалыптастырушы бағалау — оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы бағалау- сабақ барысында қолданылады, тәжірибелік білімін өлшейді, оқуды түзету үшін кері байланыс орнайды, бағаға әсер етпейді. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі. Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.Бағалау — оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағытталған. Оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған. «Бағалау» термині «жақын отыру» деген сөзді білдіреді.. Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары: 1. Оқыту мақсатымен бөлісу. 2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу. 3. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау. 4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету. 5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту. 6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру. Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олардың қандай қиындықпен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалау. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануыкерек. Оқу үшін бағалау — бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.Критерийлер — оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді: Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау; Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы; Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы; Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі; Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы; Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы; Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б) Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау; Баға сапасын арттыру. Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді. Тәжірибелік маңыздылығы: — жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады; — оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады; — бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады. — өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі. — оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады. Критериалды бағалау Мұғалімдерге: 1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге; 2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға; 3. Білім беру сапасын арттыруға; 4. Оқытудың сапасын жақсартуға; 5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға; 6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға; 7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді Білім алушыларға:1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға; 2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге; 3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға; 4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді. Ата-аналарға: 1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға; 2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға; 3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге; 4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға; 5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді. Қорытындылай келе, критериалды бағалау — бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.