Елден қысылмай есірткі шеккен Майк Тайсонның суреті тарап кетті

0

 

Әйгілі Майк Тайсон көпшіліктің сынына ұшырады. Желіде танымал боксшының есірткі шегіп тұрған суреті тарап кетті.

Анықталғандай, желіде шу тудырған сурет есірткі фестивалі кезінде түсірілген. Көптеген спортшыларға үлгі болған Майк Тайсон ол жерде елдің көзінше марихуана шеккен.


The Sun басылымының хабарлауынша, Тайсон каннабисті заңдастыруды қолдайтын тараптың өкілі болып шықты.

Оған қоса, атақты спортшы есірткі шөбін өзінің ауласында өсіретінін де жасырмай айтуда.

Дереккөз: prosports.kz/kz