Өскеменде полицейлер қағып кеткен әйел адам қайтыс болды

0

5-ақпан күні Глубокое аудандық полиция бөлімінің қызметтік көлігі жаяу адамды қағып кеткен болатын.

Күні кеше полиция автокөлігі басқармалы жаяу жүргіншілер жолағында егде жастағы әйел адамды қағып кетті. Бүгін жапа шеккен әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 5-ақпаны күні түскі уақытта Тәуелсіздік даңғылы мен Стаханов көшесінің қиылысында орын алды. Полицияның мәліметінше, жол апаты Глубокое аудандық полиция бөлімінің қызметтік көлігінің қатысуымен болған. Әйел адам әр түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген.

«Жапа шегушінің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес өзгертілді.Аталған іске қатысты барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар да тағайындалды. Оның ішінде сот-автотехникалық сараптамасы да бар», — деп мәлімдеді ШҚО ПД.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz