Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша модерацияны жүргізу жолдары

0








Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша модерацияны жүргізу жолдары

Автор: Төребекова Сәуле Салахиқызы

Бағыты: Жаңартылған бағдарлама Бөлімі: Баяндамалар, реферат Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-02-11


Материал туралы қысқаша түсінік

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша модерацияны жүргізу жолдары




Кіріспе Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардыңоқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты. Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты. Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында экономикалық өсудің түбегейлі, негізгі сапасы ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеру екенін атап көрсетті. Аталған бағытты жүзеге асыру білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңартуды көздейді. «Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру» (2014) ЭЫДҰ есебінде сыныпта жүргізілген бағалаудың жиілігін арттыру, маңыздылығын, сапасын жетілдіруге бағытталған шаралар реті ұсынылған. Сондай-ақ, критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, жоғары ойлау деңгей дағдыларына қатысты бағалау критерийлерінанықтау, мұғалімдерді даярлау, білім берудің әр кезеңінде ұлттық стандартталған тестілеу өткізу, мәліметтерді сенімді жинақтау, тиімді жүйе құру және т.б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімді қолдану қажеттілігі ескертіледі. Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады. Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді: 1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру; 2. Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру; 3. Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру; 4. Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру; 5. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру; 6. Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларына (талдау, жинақтау, бағалау) жетуін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінің қорын құру; 7. Объективті, үздіксіз және нақты: — білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы; — мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы; — ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы; — басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпаратты беру; 8. Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және ақпараттар ұсыну үшін қолдану; 9. Әр білім алушының, жеке мектептің, барлық аудан, облыс және мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу бағдарламасын меңгеру мониторингін қолдану; 10. Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін талдау жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау. Пәндер мен сыныптарға байланысты бағалаудың ұсыныстары қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағында, жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда қосымша берілген.

Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс. Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау. Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың жазбаша тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияда белгілі бір пән бойынша мұғалімдердің балл қою кестесі бойынша бір ұғымда, түсінікте болуын қамтамасыз ету үшін жұмысты бағалауды алдын ала талқылайды. Модерация отырысында жиынтық бағалау дұрыс өтті ме, білім алушылардың барлық жауаптары ескерілді ме, мұғалімдер арасында бағалау бойынша келіспеушілік бар ма сияқты мəселелерді түсіну жəнеталқылау қажет. Модерация қорытындысы бойынша мұғалімдер балл қою кестесіне толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге қатысты шешім қабылдайды. Модерацияны аяқтаған соң барлық шешімдер хаттамада көрсетіледі. Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың балына өзгеріс енгізу қажет болғанда жиынтық жұмыстарын қайта тексереді. Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет. Модерацияны өткізу орнын, уақытын алдын ала қарастыру ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу мен модерация өткізудің арасы 3 жұмыс күнінен аспағаны жөн. Бір отырыста бірнеше пəнге модерация өткізуге болады. Модерация отырысына бір параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдер қатысады. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады. Шағын жинақталған мектептер үшін модерацияны мұғалім жақын пәндер мұғалімдерін немесе критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушісін қатыстыру арқылы өз бетінше өткізуіне болады. Модерация отырысы үшін мұғалім тексерілген жиынтық жұмыстардың ішінен: жоғары жəне төмен балл қойылған, сондай-ақ, бағалау қиындық туғызған тек 3 жұмысты іріктеп алады. Модерация кезінде іріктелген жиынтық жұмыстарда көрсетілген білім алушының аты-жөнін жұмысты қарастырған кезде нақты бір білім алушыға қатысты болмауы үшін жасырып қою ұсынылады. Отырыс кезінде ұсынылған жұмыстар балл қою кестесіне сəйкес қарастырылады. Осылайша, төмендегідей жағдайларды анықтауға болады: — дұрыс жауап есептелмеген, сол сияқты балл қою кестесінде де көрсетілмеген; — жауап синонимдес басқа сөзбен берілген, ал ол жауап балл қою кестесінде көрсетілмеген; — балл қою кестесінде қателіктер жіберілген; — жалпы балл саны дұрыс есептелмеген жəне т.б.. Модерация қорытындысы бойынша хаттама жазылады, онда балл қою кестесіне қатысты барлық өзгерістер мен толықтырулар көрсетіледі(8-қосымша). Модерация қорытындысы бойынша мұғалім білім алушының жұмысын балл қою кестесінің өзгертілген (толықтырылған) соңғы нұсқасына сəйкес қайта қарастырады. Қажет болған жағдайда бағалауға өзгерістер енгізу басқа түсті қаламсаппен жүзеге асырылады жəне соңғы нақты нəтижесі электрондық журналға қойылады. Мұғалімдердің модерация кезіндегі əрекеті Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір тәртіппен жүргізіледі. Модерацияға дейін: білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес бағалайды; жиынтық жұмыс үлгілерін іріктеп алады (максималды, минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды); жеке мәліметтерді шифрлайды, білім алушылардың жұмыстарын модерацияға дайындайды. Модерация кезінде: • білім алушылардың жұмыс қорытындысын әріптестерменталқылайды, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді; қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді; отырыс хаттамасына қол қояды. Модерациядан кейін: модерацияны ескере отырып, өзгеріс енгізу қажет білім алушылардың барлық жұмыстарын қайта қарастырады. Мұндай жағдайда жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдардың өзгеруі де мүмкін; білім алушының жұмысына соңғы нақты балдар қойылады; соңғы нақты балдар электрондық журналға қойылады. Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып табылады.

8-қосымшы

Тоқсандық жиынтық бағалау модерациясын өткізу қорытындысы бойыншаотырыс хаттамасы

Білім беру мекемесінің атауы
Пән
Сынып Тоқсан Оқу жылы
Модерацияғақатысушылар Аты-жөні Қолы
Модерациятөрағасы
Пән мұғалімдері
Жұмыс Модерацияға дейінгібалл Модерациядан кейінгібалл Шешімнің негіздемесі

Модерацияға қатысушылардың қолы:Аты-жөні______________________ қолы_____________Аты-жөні______________________ қолы_____________Аты-жөні______________________ қолы_____________







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.