Тәуке — қазақ ханы | Скачать Реферат
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Тәуке хан
2.Жеті жарғы ата заңның түп негізі
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
«Жеті жарғыда» Әйтеке үсынған баптардың ішінде — «Сүйек құны», «Өнер құны» белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды. Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге жарыла бастайды.Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сүлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Әйтеке қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, «өнер құнын» және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін «сүйек құнын» төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі құн төлеуге мәжбүр болады. Бүл оның ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді.
Әз — Тәуке хан (1680 -1718)
Тәуке — қазақ ханы. Жәңгір ханның баласы. Тәуке хандық өкіметті жақтады, билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектер — сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Тәуке бас билермен кеңесе отырып, Жеті жарғы әдет заңдарын шығарды. Жеті жарғы орыс тарихында Тәуке хан заңдары деген атпен белгілі. Онда негізінен қазақтардың әдеттегі заңдарының бірқатар ережелері бекітілгенімен, жинақ феодалдық құрылыстық үшейтуге бағытталды. Тәукенің хандық өкіметті нығайту әрекетінен нәтиже шықпады, қазақ хандықтары бытырыңқы күйінде қалды. Тәуке енді сыртқы саясатында Россиямен дипломатиялық және сауда байланыстарын орната бастады. 1716 жылы Тәуке жоңғарларға қарсы шығу үшін Росиядан әскери көмек сұрады. Өйткені, 1698 жылдан бастап ойрат және қазақ феодалдары арасында қарулы қақтығыстар басталған еді. Жоңғар ханы Севан Рабдан билік құрған кезде мұндай соғыстар үздіксіз болып тұрды. Әкесі Жәңгір ханнан соң қырық жыл уақыт хандық құрған әз-Тәуке Қазақ мемлекетінің күш-қуатын нығайтып, халық тұрмысын көтерді, сыртқы елдермен байланыс күшейді, басқарудың неғұрлым демократиялық жолдары қолданысқа енді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді көсем тілді, көреген ойлы данагөй шешендермен бірге құрастырған Жеті жарғыда атақты Қасым хан мен Есім хан тұсында жасалған қазақтың әдет-ғұрып, заң қағидаларына жаңа толықтырулар енгізіліп, бір жүйеге түсірілді.
Жеті жарғы
Қазақтардың күрсініп еске алып, аңсап жүрген заманы сонау әйгілі Тәуке ханның патшалық құрған алтын дәуірі болатын. Расында да, аңыздарға сүйенсек әз Тәуке Данышпан болған екен. Қазақ жылнамасында оның алатын орыны Солон, Ликургтармен теңдес, қатар тұруы тиіс. Ол талайдан бері дүрбелеңге түсіп келген елдерді тыныштандырып, тәртіп орнатты, көптеген заңдарды шығарды. Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтары біздің заңдарынан ертерек шыққан, дейді. Қырғыз — қазақ заңдарын алғаш кім шығарған екен деген мәселеге тоқталмай-ақ олардың қысқа жиынтығын баян етейік
— Оның ішіндегі ең бастысы — қанға -қан алу.
— Ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі.
— Осы жарғы бойынша өлген адамның ағайындары қылмескерді өлтіруге хұқылы; ал қол, аяқ, құлақ кесушінің сол мүшесін кесуге тиісті. Егер де ағайындары кешірім жасаса немесе сот тиісті шешімін қабылдаса құн төлеумен шектеледі. Жазаны эр қылмыстың түріне қарай құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады. Ер адамға 1000 қой, әйелге 500 қой берілуі тиіс. Денеге зақым келтірілсе, соған сәйкес құн төленуі қажет. Бас бармақ құны 100 қой, шынашақ — 20 қой.
— Сұлтан мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді. Сұлтан немесе қожаға тіл тигізгені үшін тоғыз мал, ұрғаны үшін 27 мал төленуі тиіс.
— Егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі. Алайда ағайындары кешірім жасаса құн төлеумен құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса босатылады. Бірақ ол қарабет саналып, ойы ел қатарына жолатпайды. Егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.
— Ата-ана өз баласын өлтіргені үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы басқадан тапқан баласын ұялғаннан өлтірсе, өлім жазасына кесіледі.
— Өзін-өзі өлтіргендей бөлек жерленеді.
— Егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп,одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін — бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға — әр айына 1 түйеден құн төленеді.
— Әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей … жалғасы