Қазақстандық тұтқындардың түрмедегі өмірі қандай? (видео)

0

БҚО-ның қоғам белсенділері Орал қаласының РУ 170/3 максималды қауіпсіздік колониясына барып, тұтқындардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқандарын көріп, шағымдарын естіп қайтты. Видеожазбаларды ұйым мүшесі Асқар Шайқұмаров YouTube хостингінде жариялаған деп жазады NUR.KZ.

Қоғам белсенділері тұтқындармен сөйлесіп, түрмені аралап, шағымдарын тыңдап қайтты. Сотталғандардың көбі түсірілімге келіскен.

Жазасын өтеушілердің сөзінше, оларға нашар тамақ беріледі. Етті мүлде көрмейді екен.

«Таңертең суға піскен әртүрлі ботқа береді. Ішуге қансыз шай береді. Үнемі қарның ашып жүреді», — дейді тұтқындар.

Түскі асқа оларға «су», яғни етсіз сорпа беріледі екен. Ішінде аз-маз «картоп болады»дейді ер адамдар. Екінші тағам ретінде тек гарнир, ал ішуге алманың қағынан дайындалған қантсыз нәрсу. Сотталғандар кешкі асқа тағы да ботқа жейтіндерін мәлімдеді.

«Дистрофияға шалдықтым. Қатерлі ісігім бар, ал мені емдемейді. Жұмыртқа бермейді. Бәрі суға дайындалған», — дейді әңгімелесушінің бірі.

Киімге қатысты шағымдар болмады, ғимараттың іші де жылы екен. Жазасын өтеушілер бұл жағынан шағымдары жоқ екенін айтты.

Бір тұтқын бақылаушылардың қатыгездігіне шағымданды.

«Кісендеп керіп тастады. Қызметкерлер. Соққыға жықты. Мен алматылықпын, мұнда отырмауым керек. Бұл жөнінде арыз да жазғанмын. 90-шы жылдардан бері отырмын», — дейді Құрманбаев Жәнібек есімді тұтқын.

Тұтқындар монша болса да, оларға онда жуынуға рұқсат етілмейтіндігін айтты. Кірді қолмен жуады екен. Талап бойынша берілуге тиіс кір жуу ұнтағы мен дәретхана қағазы берілмейді екен.

 

 

Дереккөз: kaz.nur.kz