«Ақ жол, жас түлек!»
Ақ жол,түлектер !
1 сынып
1 сынып
11 сынып
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.Осы сырды үйреткен 11 сынып,Түстей болып, міне, бүгін артта қалды.
2006-20171-11 сынып
Ұстазым ғой әліппені үйреткен,Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.Мені оқытқан, өркенімді өсіріп,Жалындатып, жанарымды нұр еткен!
2006-2010″Бастауышым-балбұлағым»
30 оқушыЖылы: ҰлуЖұлдызнамасы: БикешЖалпы жасы: 164 жыл 2 ай 5 күнЖалпы салмағы: 520 кг 400 гЖалпы көңіл-күйі: Көңілді
Сыныптың жақсы көретін мейрамдары:Демалыс, туған күндер, Наурыз………
Ескірген есті сөздер(1-4 сынып)
-Саусағын аузына салу-ұмытып кету-көп сөйлеу-бір-біріне хат жазу-сағыз шайнау-қоңырауды естімеу
Жаныңды жадыратар күйлері (11 сынып)
-Гимназия серілері- ақындар-ақылдылар- момындар-үміт артар Қарлығаштар!
Сұраққа жауап беру
Алғашқы ұстаз кім?
а) Ы. Алтынсарин
ә) Ү. Әділбек
б) Л. Әйтімова
Ы. Алтынсарин
Алғашқы қоңырау үнін шығарған адамдар
а) Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов
ә) Ұ. Бақытжанұлы, А. Оразбек
б) Оқушы, ұстаз
Ұ. Бақытжанұлы, А. Оразбек
Бірінші сыныпта ұлдардың көзайымы болған бикеш
а) Әсем
ә) Әдемі
б) Көркем
Берілген сөз тіркестерін қатыстырып, қызықты сәттерді еске түсіретін сөйлем құрап айт:
— Балдай тәтті
— Жүрегім тас төбеме шықты
— Көзімнен жас аққанша
— Кірерге тесік таппадым
— Үріп ауызға салғандай
— Жерден жеті қоян тапқандай
ОЙ СЕРГЕК
Бір шәкірт өзінің ұстазынан ықыласын алып , білім іздеп кетіп бірнеше мектептен оқып ғалым атағын алып , өз еліне қайтып келіпті.Туыс -туғандарымен амандасып мауқы басылғаннан кейін , алғашқы ұстазына амандаса барыпты.
Қарт жиырма жылдың алдындағы шәкірті жөнін айтқаннан кейін , құшақтап амандасып , амандаса келе рақмет айтып , шәкіртін көбірек сөйлетіп тыңдап:
— Сен қазір менен үлкен ғалым болыпсың, мен саған разымын , — дейді.
— Олай демеңіз , менің мұндай білімге ие болуым сіздің алғашқы тәрбиеңізден , мұны сіздің еңбегіңізден бөле қарауға болмайды. Мен әлі де сізді ұстаз деп танып , сізден сабақ алайын деп келдім, -депті.
Қарт шәкіртін шығарып салуға қақпаға қарай өзін бастайды. ‹‹қалыңыз ››деп құрмет білдірсе , болмай алдына түсіп сөйлей келе жатып үлкен қақпаны ашпай , кіші есікті ашып жіберіп, белі бүкірейген қарт есіктен сып етіп шыға келеді. Сөзге елітіп келе жатқан артындағы жас еңкеймей , маңдайын маңдайшаға тақ еткізіп соғып алғанда , қарт ұстаз оның қолын ұстай алып:…………………………
— бұл ең соңғы сабақ , әр қандай уақытта менің осы кішкене есігімнің маңдайшасы есіңде болсын, — дейді.
Ой толғау
Бір ескі шаһарда Ғұлама өмір сүріпті. Оның шәкірттері көп болыпты. Шәкірттерінің ішінде ең қабілеттісі, ақылдысы: «Ұстазыма жауап қайтара алмайтындай, қандай сұрақ қойсам екен?» — деп ойланыпты. Сөйтіп, ол гүл бағына барып, ең әдемі көбелекті ұстап алады. Оны алақанына жасырып, ұстазына барады. Көбелек болса, баланың алақанына жабысып алып, қытықтатуда. Соған қарамастан, бала ұстазына келіп: Айтыңызшы, қай қолымда көбелек: тірі ме, өлі ме? – деп сұрақ қояды. Оның ойында: «Егер де, көбелек тірі десе, қолымдағы көбелекті мыжып өлтіре салармын, ал егер өлі десе, ұшыра салармын» — деп ойлайды.- Сонда ғұлама қалай жауап берді деп ойлайсыңдар?