Етістікті қайталатуға арналған жоспарлы сабақ

0









Етістікті қайталатуға арналған жоспарлы сабақ

Автор: Маркс Армангүл Марксқызы

Бағыты: Жаңартылған бағдарлама Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-02-02


Материал туралы қысқаша түсінік

ЖОО- ның мұгалімдеріне арнап жасалған сабақ жоспары




Бекітілді:ОІжөніндегі орынбасар
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән атауы қазақ тілін оқыту әдістемесі
Курс: 3 топ: 3аҚМБ сабақ 7-сабақ
мамандығы: Бастауыш білім беру
біліктілігі: Бастауыш білім беру мұғалімі
Тақырыбы: Етістік. Бастауыш сыныпта етістікті оқыту.
уақыты: 17 қаңтар, 2019ж ұзақтығы: 80 мин
Өтетін орны: 3-ауд.
Сабақ мақсаты: Етістікті оқытудың әдістемесімен таныстырып, бағдарлама бойынша қай сыныпта, қандай көлемде оқылатынын анықтау, әдіс-тәсілдерін меңгертуді жетілдіру.
Күтілетін нәтиже: Орта мектепте қазақ тілінен етістік тақырыбы бойынша берілетін білім мазмұнын анықтайды, етістікті оқытудың жолдарымен танысады, сабақ жоспарын құруда тапсырмаларды сабақ мақсатына сай қолдана білуге жаттығады. Сөздіктермен, тиісті әдебиеттермен жұмыстана алады.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Оқыту әдістері, технологиялары: Білім беруді ізгілендіру, дамыта оқыту, АКТ, СТО
Қолданылатын құралдар: Проектор, компютер, үлестірмелі материалдар, әдістемелік әдебиеттер, мектеп оқулықтары1. Ә. Исабаев. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – А.: Қазақ Университеті, 1993. –159 б.2. А. Әбілқаев. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Санат, 1995.3. Б.Құлмағанбетова Қазақ тілін оқыту методикасы. –А.:Мектеп, 1995ж«Қазақ тілі» 1-4 сынып оқу бағдарламасы, 2016жыл«Қазақ тілі» Ш. К Бектұров- Алматы: Атамұра, 2006 ж
Оқытушының байланыс құралдары:
Ф.И.О.: Жолдасова Ақкүміс Аманбайқызы Тел.: 8 775 412 3453E-mail:gulnur1312.mail.ru
САБАҚТЫҢ ПЛАН-КОНСПЕКТІСІ
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ уақыты (минуты) Оқытушының қызметі Тыңдаушының іс-әрекеті
1 2 3 4
1. Қызығушылық тудыру кезеңі 10 мин Ұйымдастыру:Амандасу;Көңіл-күйлерін сұрау.Топты түгелдеу.

Психологиялық ахуалды орнату.Коучтың іс — әрекетіКөтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйесін» тренингін ұйымдастырамын.Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!Рахмет.

Топқа бөлу. «Сиқырлы сандық» әдісі:Студенттер шеңбер бойына тұрып, сандықшадағы қима қағаздарды таңдайды. Ол қағазда негізгі және туынды етістікке мысалдар жазылған. Сол мысалдарды ажырату арқылы екі топқа бөлінеді.Басқар, дуылда, секір, айқайла, білгіз, үйрен, әндет, жәрдемдес, құлақтан, алаңда, татулас, ағар, шырқа, жөнел, жөнде, азай, сәлемдес, биле, тазала, аяқта, екеуле, әурелен, ақыр.

«Миға шабуыл» әдісі:

  • Етістік құрамына қарай …. бөлінеді. Мысалы:
  • Етістік тұлғасына қарай …. бөлінеді. Мысалы:
  • Көмекші етістік дегеніміз….
  • Етістік мағынасына қарай …. бөлінеді. Мысалы:
  • Олай болса, бүгінгі сабағымызда етістікті қарастыра отырып бастауыщ сыныпта етістікті оқыту тақырыбына арнаймыз.

    Ұйымдастыру:Амандасады;Көңіл-күйлерін айтады. Коучтың іс — әрекетіКөтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйесін» тренингін ұйымдастырамын.Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!Рахмет.

    Студенттер қима қағаздарын таңдай отырып екі топқа бөлінді.1- топ: «Негізгі етістік»(секір, үйрен, шырқа, ақыр, жап, итер, көтер, жүр, бар,кел, кет, сүрт, біл, жап, қи, теп, сал)2- топ: «Туынды етістік»(басқар, дуылда, айқайла, білгіз, әндет, жәрдемдес, құлақтан, алаңда, татулас, ағар, жөнел, жөнде, азай, сәлемдес, биле, тазала, асқта, екеуле, әурелен.)«Миға шабуыл» әдісі:

  • Етістік құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Мысалы: дара етістікке- ойнады , оқыды, бар, түр,т.б; күрделі етістікке- оқып отыр, айтып- айтпай, әкел, апар, т.б.
  • Етістік тұлғасына қарай негізгі және туынды болып бөлінеді. Мысалы: негізгі етістікке- кел, бар,т.б; туынды етістікке- қарайып, басқарса,т.б
  • Көмекші етістік дегеніміз олық лексикалық мағынасы жоқ, жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек негізгі етістіктермен, есім сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер
  • Етістік мағынасына қарай болымды және болымсыз болып бөлінеді. Мысалы: болымды етістікке- барады, жасайды; болымсыз етістікке- бармайды, жүрмейді,т.б.
  • Операциялық-әрекеттік кезең1-тапсырма.Бағдарлама бойынша етістіктен берілетін білім мазмұнын анықтау2-тапсырма «Броундық қозғалыс»Жаңа материалды талдау

    3 – тапсырма. «Тапқыр болсаң тауып көр» 4-тапсырма бағдарламадағы тыңдалым, оқылым, жазылым мақсаттары бойынша тапсырма дайындайды.

    Сергіту сәті(Видеоролик)

    5-тапсырма«Тартысты эстафета» материялды бекіту

    1-тапсырма

    Бағдарлама бойынша бастауыш сыныпта етістік тақырыбына берілетін білім мазмұнын анықтап алайық.

    2-тапсырма «Броундық қозғалыс»1-топТүбір етістік, туынды етістік, біріккен етістік, тіркес арқылы жасалған құрама етістіктермен танысып топ болып талқылайды.

    2-топБолымды етістік, болымсыз етістік, сабақты және салт етістіктермен танысып топ болып талқылайды. Тақырып талқыланып болғаннан кейін, топ болып әдіс- тәсілдерді қолдана отырып әр тақырыпқа 2 тапсырмада құру.

    3-тапсырма«Тапқыр болсаң тауып көр» стратегиясыТұрақты тіркестер мен етістіктерді синонимдермен алмастыру.І топ.Жұмған аузын ашпау –Қайран қалу – Тіл алмау – Сөзге келу – Қол жұмсау – Тісін қайрау – Көзі түсу – Дем берді – Тыңдамау – ІІ топ.Көмектесу – Өкпелеу – Менсінбеу – Сөйлеу – Көрмеу – Мақұлдау – Біріктіру, жинау – Серттесу – Қаралау –

    Ал енді барлығымыз орнымыздан тұрып сергіп алайық!

    4-тапсырма. Шығармашылық жұмыс

    Берілген суреттегі сөздерді пайдалана отырып қызықты 10 тапсырма құрастыру.Құрастырылған тапсырмаларды көрші топпен алмастырып орындау керек. Орындалған тапсырмаларды топтың басшысы тексеріп бағалайды.

    5- тапсырма«Тартысты эстафета»Сабақты қорытындылату үшін екі топты жарыстырамын. Бүгінгі өткен тақырып аясында топтың студенттері қарсы топ студенттеріне кезек- кезек сұрақ қояды. Әр топтық барлық мүшесі қатысуы шарт.

    Студенттер «Қазақ тілі» 1-4 сынып бағдарламасын қолдарына алып, етістіктен берілетін білім мазмұнын анықтайды.

    2-тапсырма1-топ«Етістік формуласы» әдісі1.Зат е+а, е= етістік( ойна,т.б)2.Сын.е+ар,ер,р= етістік(ағар,көгер,т.б)

    2-топ«3 ромб» әдісі(Артығын сызып, ережемен қорытындылау)

    І топ.Жұмған аузын ашпау – үндемеуҚайран қалу – таңдануТіл алмау – тілазарСөзге келу – жүз шайысуҚол жұмсау – қол көтеруТісін қайрау – өшіктіКөзі түсу – қызығуДем берді – күш бердіТыңдамау – құлақ аспауІІ топ.Көмектесу – қол ұшын беруӨкпелеу – өкпесі қара қазандайМенсінбеу – мұрнын шүйіруСөйлеу – аузы-аузына жұқпауКөрмеу – назар салмауМақұлдау – растауБіріктіру, жинау – басын қосуСерттесу – серт байласу, сөз беруҚаралау – жамандау

    Студенттер орындарынан тұрып сергіп алады.

    4-тапсырма. Шығармашылық жұмыс

    1.Біріккен етістіктерге мысал келтіре орырып шағын диалог құрастыр.2.Сын есімнен етістік тудыратын жұрнақтарды пайдалана отырып 5 сөз жаз.Етістік сөзіне сөзжұмбақ құрастыр.

    5- тапсырма«Тартысты эстафета»1.Сабақты етістік пен салт етістіктің айырмасы2.Кіріккен етістікке мысал келтіріңіз3,Түбір етістік дегеніміз,,,4.Есім негізді туынды етістік дегеніміз…5.Қосарлы жолмен жасалған күрделі етістікке сөйлеммен мысал келтіріңіз.

    3.Бақылау -бағалау кезеңі Сабақты қорытындылай келе, ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді. Студенттермен топпен бағаланады.
    4. Сабақты қорытындылау және рефлексия Үйге тапсырма:  1 «Етістік» тақырыбындағы дәрісті оқу2,3-сынып «Қазақ тілі» оқулығы бойынша етістік тақырыбына сабақ жоспарн құру,Рефлексия «3+2+1»

  • Мен үйренген 3 нәрсе
  • Маған жаңалық 2 нәрсе
  • Қорытынды 1 сөйлем.
  • Үй тапсырмасын іздену арқылы орындайды.

    Кері байланыс орнайды.

    Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.Дара етісітіктерДара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. б.Түбір етістіктерТүбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т. б.Бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи дамып отырғандықтан, олардың қатары да бірте-бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала-жұмсала келіп, бірте-бірте түбірі мен жұрнағын ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. Мысалы, жоғарыдағы етістіктердің ішінен: айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бау+ла), бақырай (бақ+ырай), жыла (йығ+ла), баста (бас+та), жорт (жоры+т) дегендерді, сондай-ақ тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла), шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т. т. тәрізді қазіргі шақта түбір саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір сөздер мен жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай-ақ, кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен.Туынды етістіктерТуынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей.Есім негізді етістіктерЕсім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады.Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар:ла (-ле, а, -де, -та, -те) жұрнағы;-лан (-лен, ан, —ден, -тан, —тен) жұрнағы;-лас (-лес, дас, —дес, —тас, -тес) жұрнағы;-лат (-лет, ат, -дет) жұрнағы; (-е) жұрнағы;-ай (-ей, й) жұрнағы;-қар (-ғар, кер, —гер) жұрнағы;-ар (-ер, р) жұрнағы;-ал (-әл, ыл, —іл, -л) жұрнағы;-ық (ік) жұрнағы;сы (-сі) және ымсы (-імсі) жұрнақтары;-сын (-сін) жұрнағы;-сыра (-сіре) жұрнағы;ра (-ре, ыра, —іре) жұрнағы;ырай (-ірей) жұрнағы;тек белгілі бір есімдерден, кейбіреулері тек санаулы ғана есімдер мен етістіктерден туынды етістік жасайтын әрі көне, әрі маңдымсыз жұрнақтар бар. Оларға мыналар жатады:ы, —і (бай-ы, жас-ы, жан-ы, желп-і, кең-і, келк-і, тарп-ы т. б.)шы, ші-ан, ен, —ын, —ін, —н-ырқа, —ірке-ырқан, —іркенына, —іне-қа, ке, -ға, —геди, тый, —тиЕтістік негізді етістіктерБұл салаға етістік негіздерінен арнааулы жұрнақтар арқылы жасалатын туынды етістіктер енеді. Бұл жұрнақтарды семантикалық ерекшеліктеріне қарай екі салаға бөлуге болады.Бірінші тобына өзі жалғанатын етістік негіздерінің мағыналарына амалдың жиілену, еселену, қайталану, үстемелену, солғындау сипаттарын білдіретіндей рең жамайтын жұрнақтар жатады, олар, шартты түрде, амалдың өту сипатын білдіретін жұрнақтар деп аталады.ла (-ле, а, -де, -та, -те)-қыла (-кіле, -ғыла, гіле)-мала (-меле, ала, -беле, -пала, —пеле)-ғышта (-қышта, кіште, гіште)-ыңқыра (-іңкіре, -ңқыра, -ңкіре)ымсыра (-імсіре, мсыра, —місре)ыстрыр (-істір, —стыр, —стір)Екінші тобына өзі жалғанатын етістік негізінің мағынасына амалдың субъектіге қатысын білдіретіндей реңк жамайтын жұрнақтар жатады, олар етіс жұрнақтары деп аталады. Ерекшелігіне қарай, бұл жұрнақтар етіс категориясының арнаулы формалары болып саналады да, етістердің көрсеткіштері делініп танылады.ыс (-іс, е)тыр (-тір, ыр, —дір)-қыз (-ғыз, кіз, —гіз)ыл (-іл, )ын (-ін, н)Күрделі етістіктерКүрделі етістіктердің түрлері:Құрамды етістікҚұрама етістікСараламалы етістікСуреттеме етістікТұрақты етістікҚұрамды етістікЕтістіктің бірінші компоненті (есім) негіз болса, екінші компоненті (көмекші етістік) сол есім сөзді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді.

    Мысалы: жәрдем ет, ән сал, үлгі қыл, қабыл ал т. б.Құрама етістікБұл етістіктердің әрбір бөлігінде өзді-өзіне дербес лексикалық мағына бар және әрқайсысының осы мағыналары бір-бірінен кем емес, бір-бірімен парапар я тең түседі.Мысалы: алып ал, ала кел, барып кел, бара кел, алып бар, ала бар, алып кет, ала кет, келіп кет т. б.Сараламалы етістікБұл етістіктер екі я одан аса етістіктің тіркесінен құралады. Лексикалық мағынасына алғашқы етістік негіз (жетекші) болады да, оған қосылатын көсемшенің жұрнағы (-а, -е, —й, —ып, —іп) мен соңғы көмекші етістік селбесіп жетекші етістіктің мағынасын саралайтындай қосымша грамматикалық мән үстейді. Сарамалы етістік құрамындағы көмекші етістіктердің түрлі-түрлі болуларына қарай және компоненттердің сандары да, өздері де басқа-басқа болуларына қарай, олардың грамматикалық қызметтері де, грамматикалық семантикалары да сала-сала болып, амалдың жүзеге асу я өту сипаттарының әр қилы кезеңі, сатысы сияқты абстракты құбылыстарды білдіреді.Мысалы: айтып жібер, айтып жібере қой; айтып жібере жаздап қалды; айтып көр, айта көр, айта сал, айта қой, айтып қой, айта жүр, айта біл, айта түс т. б.Суреттеме етістікБұл етістіктер жетекші сөз бен көмекші етістіктен құралады. Жетекші сөз етістіктің жалаң я күрделі көсемше, есімше формасында, жалаң есімдер және есім мен етістік араласқан формаларында болады. Бұларға жәрдемші болып көмекші етістік қосылады. Көмекші етістіктердің көбі — е көмекші етістігінің түрленген формасы болып келеді.Мысалы: барып едім, барған едің, келетін еді, түсінуші едік, ұйықтап кеткен екенмін, кешігіп қалған екенсің, келсе игі едіңдер, мұғалім едіңіздер, жас екен; бармақ болды, келмек екен, жазатын болды, келетін көрінeді т. б.Тұрақты етістікБұл етістіктерге лексикаланған, идиомаланған тіркестер жатады.Мысалы: опық жеді, таяқ жеді, құр қалды, бас қойды, ауыз жаласты, арам тер болды, қырғи қабақ болды, бетке шіркеу салды, жан алқымға алды, ауыз салды, көз салды, жек көрді, жанын қияды т. б.Етістік формаларыЕтістік формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді:Етістік негізі.Қимыл атауы категориясы.Салттық және сабақтылық категориясы.Етіс категориясы.Болымдылық және болымсыздық категориясы.Амалдың өту сипаты категориясы.Есімшелер категориясы.Көсемшелер категориясы.Рай категориясы.Шақ категориясы.Жіктік, көптік жалғауларының шаққа қатысы.Етістіктердің мағыналарыЕтістіктерді іштей бір-біріне мағына жағынан жақындықтарына, өз ара функция жағынан орайластықтарына қарай топ-топқа бөлуге болады:амал-әрекет етістіктері (босат, көтер, күрес, ки, сыз, өлше т. б.);қимыл-қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, домала, жыт, қаш, секір т. б.);қалып-сапа етістіктері (жат, жантай, тұр, тос, күт, ұлғай т. б.);ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, де, ескер, жатта т. б.);өсу-өну етістіктері (балала, жапырақта, гүлде, өс, өн т. б.);бағыт-бағдар етістіктері (бар, кел, кет, қайт, әпер, әкет т. б.);көңіл күйі етістіктері (жыла, қайғыр, өкін, күл, қуан т. б.);бейнелеу-еліктеу етістіктері (жарқыра, күркіре, дүркіре, тарсылда, сыртылда, сырқыра т. б.);дыбыс-сес етістіктері;көру-есту етістіктері;мінез-құлық етістіктерідеген сияқты әлденеше топқа бөліп, саралауға болады.Сондай-ақ, сыртқы түр-тұрпат ұқсастықтарына немесе мағына-мазмұнын алшақтықтарына қарай оларды :омоним естістіктер,синоним етістіктер,антоним етістіктердеген тәрізді топтарға да жіктеуге болады.Дара етістіктер — тек кана сөз түбірінен немесе бөлінбейтін негізінен түратын етістіктер (қаз. бар, кел, ал, т.б.)Статистикалық етістіктер — қалды (қаз. аурып жатырмын), катынасты (қаз. сәкестену), сапалар мен қасиеттер көрсетуін (қаз. шөп көгіріп көрмеді) белгілейтін етістіктер.Фазалық етістіктер — кимылдың бір фазасын (басын, жалғасын, аяғын) белгілейтін етістіктер.Финитивті етістіктержіктеу формадағы етістіктер.Хамзалы етістіктер — түбір құрамында көмейден шығатын дыбыс(хамза) бар араб тіліндегі етістіктер.







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.