Оралда арнайы жасақтың қатысуымен болған арнайы операцияның видеосы тарады
Видеодан арнайы жасақтың бір көлікті жан-жақтан қоршап тұрғаны көрінеді
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. 1 ақпан күні кешке полицейлер мен арнайы жасақ «Сити Центр» сауда үйінің аумағында адамдарды ұстады, деп хабарлайды «Мой город» порталы.
Бейнероликті редакцияға куәгер жіберген. Видеодан арнайы жасақтың бір көлікті қоршауға алғаны көрініп тұр.
«Универмагтың» алдында бір нәрсе болды. Автомат асынғандар көлікті жан-жақтан қоршап алды», — дейді кадр сыртындағы ер адам.
Сауда үйінің маңында адамдар толып жүр.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады. Бірақ нақты кімнің және не үшін ұсталғанын нақтыламады.
Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер бар.
Істің мән-жайы анықталуда.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/