Астанада «Гламурға – 112 жыл. Pin-up & fashion» көрмесі ашылды
Көрменің салтанатты ашылуы 31 қаңтарда ForteBank Kulanshi ArtSpace галереясында өтті. Шараға суретшілер, көрнекті арт-тарихшылар және шығармашылық, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Көрмеге барлығы 23 суретшінің жұмысы қойылды. Онда Esquire, Cosmopolitan және Playboy журналдарының винтаж суреттері, pin-up стилистикасында орындалған плакат, күнтізбе, гравюра және басқа да көркем шығармалар ұсынылды. Жәдігерлердің басым бөлігі art BANK Петербург жиналысында іріктелген.
Көркем шығармалар джаз дәуірінің пайда болуы мен таралуын, Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінің даму қадамдарын, 1960-жылдардағы танымалдылықтың төмендеуі, 1990-жылдардың соңы мен қайта жаңғыруы туралы баяндайды. Көрермендер сол арқылы Джил Элвгрен, Джордж Петти, Чарльз Дана Гибсон және Эрл Моран сияқты суретшілердің шығармашылығымен танысады, – деді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.
Көрмеде қазақстандық ShakerBay брендінің Eastern Stream жаңа топтамасы көрсетіліп жатыр. Топтаманы қазіргі заманғы еуразиялық әйелдің талғамы мен бейнесін жасауды мақсат еткен апалы-сіңлілі Меруерт пен Күнайым Шәкірбаевалар құрған.
Кафтан мен кимоно тарихының жүздеген ғасырға созылғанын білеміз. Бірақ олар – қазіргі заман әйелінің де гардеробының ажырамас бір бөлігі. Біз сәнді журналдардағы суреттерді (to Pin-Up) кеспейміз, еуразиялық заманауи әйелдің талғамы мен бейнесін өзіміз жасаймыз. Бағасы сапасына, өзіндік ерекшелігі мен бірегейлігіне байланысты қойылды, – деп түсіндірді “Құланшы” қазіргі заманғы өнер орталығы тәлімгерлік кеңесінің төрайымы Лейла Махат.
“Гламурға – 112 жыл. Pin-up & fashion” көрмесі ForteBank ғимаратында 2019 жылдың 16 наурызына дейін өтеді.
Көрме Астананың Достық көшесі 8/1 мекен-жайында, күн сайын, сағат 9:00-20:00 аралығына дейін жалғасады. Кіру – тегін.
Дереккөз: Baribar.kz