Қызылорда облысында қоян атқан браконьерлер істі болып жатыр

0

Қоянның 64 басы сойылған, тағы 30-ы сойылмаған күйінде табылды.

Қоянды қырып салған! Қызылорда облысында заңсыз қоян атқан браконьерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Табиғат қаскөйі енді ірі көлемде айыппұл арқалауы мүмкін. Бұл туралы Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Даусы дірілдеп, өзі аулаған қояндарды санап жатқан броконьер Қармақшы ауданында ұсталған. Оның көлігін тінту кезінде аңшы мылтығы мен патрондар тәркіленді. Сондай-ақ, қоянның сойылған 64 басы, 30-ы сойылмаған күйінде табылды. Жануарларды қырып салған 30 жастағы азаматтың қару қолдануға да аң аулауға да рұқсаты болмапты. Ол инспекторларға қарсыласпай, кінәсін толық мойындады. Браконьердің қандай мақсатта аң аулағаны әзірге белгісіз.

Сәкен Ділдахмет, АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы:

— Қармақшы аудандық полиция бөліміне жинақталған материалдар мен барлық айғақ заттар тапсырылды. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 337-бабы 1-тармағы бойынша іс қозғалды. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көп аңшылар өте аз қоян атады. Үлкен көлемде өте сирек кездеседі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/