22 наурыз: Наурыз көже » Қазақстан ұстаздарына арналған

0

Сабақтың тақырыбы:  Наурыз  көже

Сабақтың мақсаты:

      1.Оқушыларды   ұлттық  мейрамдарының   бірі  — Наурыз  мейрамы туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен  толықтыру. әңгімені  дұрыс оқып мазмұнын ашу.
      2.  Оқушылардың ұлттық мейрам  мен салт дәстүрге деген  рухани қызығушылықтарын  арттыру, жүйелі баяндауға үйрету.
     3. Оқушыларды әдет – ғұрпты  сақтауға тәрбиелеу.

Барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз – білім алу
Міндетіміз – еңбектену
5-ке қолды жеткізу

Топқа бөлу

ІІ. Логикалық ойлауға жетілдіру

Қайталау сұрақтары

ІІІ. Қызығушылығын ояту

( Наурыз  көктем туралы) суреттер

 

ІІІ. Сөзжұмбақ шешу
Шешуіндегі бастапқы әріптерін тақтаға жазып отырамын.
1. Мұсылман халықтарында жаңа жыл тойланатын ай? (Наурыз)
2. Ат байлау үшін орнатылған түбірік (Атағаш)
3. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам (Уыз)
4. Қасиетті ай (Рамазан)
5. Ас үйде қолданылатын жиһаз (Ыдыс)

6. Наурыз көжені қандай ыдысқа құяды? (Зерен)
7. Ұлттық сусын (Көже)
8. Қазақстанның қаласы (Өскемен)
9. Қасиетті сан (Жеті)
10.Мал өнімінің негізгі түрі (Ет)
Балалар, қараңдаршы қандай сөз шықты? — Наурыз көже
Олай болса, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

Наурыз көже деп аталады.
ІV. Жаңа сабақ
Автор туралы түсінік беріледі. Авторы: Нұрқасым Қазыбеков.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Қазір көктем мезгілі
— Көктем айларын атаңдаршы?
— Көктемде қандай өзгерістер болады?
— Қазір көктемнің қай айы?
— Көктем мезгілінде қандай мерекелер аталып өтіледі?

V. Суретпен жұмыс
Көктемнің алғашқы айы мен бірге келетін ұлттық мейрам – Наурыз мерекесі 22- наурызда күн мен түн теңеледі. Күн жылына бастайды, жан –жануарлар ұйқысынан оянады. Наурыз күні адамдар татуласып, достасады. Бұл күні әрбір үйде қазан асылып, наурыз көже пісіріледі. Бір-біріне жақсы тілектер айтылады. Наурыз көженің құрамына жеті түрлі дәм қосылады: айран, ет, сүт, құрт, тұз, май, тары.

VІ. Сергіту сәті

VІІ. Оқулықпен жұмыс
Оқушылар мәтінді тізбектей оқып талдайды.
Көрініс көрсету
1) Ақ тілектер
2) Көрісу
3)Наурыз көжеден дәм тату

VІІІ. Тігілген киіз үйлерге кіріп, тілек айту, дәм тату
Сүрақ-жауап
ІХ. Топтастыру

 І топ:  Наурыз көже. (Наурыз көжеге кандай дәмдер салынатынын жазу).

ІІ топ: Наурыз туралы (Түсінгендерін жазу).

ІІІ топ: Көктем (көктем айындағы мерекелер туралы жазу).

Бағалау:

Үйге тапсырма: Мазмұндау