Малайзияны чемпионат өткізу құқынан айырылды
Астана. 29 қаңтар. KAZISLAM – Халықаралық параолимпиялық комитет Малайзияны 2019 жылғы Жүзуден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырды. Бұл шешім елдің Ішкі істер министрлігі израилдік атлеттердің чемпионатқа еш қысымға ұшырамай қатысуына кепілдік қамтамасыз ете алмағаны үшін қабылданған, деп хабарлайды Islam-today.
Комитет Малайзияның 2020 жылғы Параолимпия ойындарына іріктеуге арналған әлем чемпионатына израильдік спортшылардың қатысуына тыйым салғанына наразылық көрсетті. Чемпионат 29 шілде мен 4 тамыз аралығында Кучингте өтуі тиіс еді. Енді халықаралық параолимпиялық комитет жарысты өткізетін елді қайта таңдайды.
Еске сала кетсек, Малайзия республикасы Израиль елімен ресми дипломатиялық байланыс құрмаған.
Дереккөз: http://kazislam.kz/