Ауа райы: Қаңтардың соңғы күндерінде күн жылынады
«Қазгидрометтің» мамандары қаңтар айының соңғы күндеріндегі ауа-райын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Әдеттегідей, қатты аязды жылы ауа-райы ауыстырады.
Алдағы тәулікте 35 градустық аяз суық антициклонмен бірге шығысқа қарай ығысып, Қазақстанға Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасқан циклон келеді.
Солтүстік-шығысқа қарай ығысу барысында циклонмен қар, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында көктайғақ және тұман, солтүстік, шығыс және орталықта қар, бұрқасын, оңтүстік-батыс желі және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі