«Ата жұрт» танымдық ойыны — Сценарилер — Bilim
«Ата жұрт» танымдық ойыны
«Сам мектеп-балабақша кешені» КММ
Математика пәнінің мұғалімі
Сағындықова Жансәуле Ықыласқызы
Тақырыбы: «Ата жұрт» танымдық ойыны
Мақсаты: Оқушыларды математика, информатика және физика пәндері бойынша қызығушылықтарын тудыру, танымдық өрелерін дамыту
Барысы: Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1-топ: 2-топ:
Айтқалиева Мәдина Арықбаева Сәндігүл
Мылтықова Айдана Қазиханов Абай
Меделова Балерке Қоғашева Сандуғаш
Қамысбаева Жайнагүл Қайнарбаев Абат
Ж О С П А Р Ы:
1-тур «Қанат қақты»
2-тур «Самғау»
3-тур «Шарықтау»
4-тур «Шырқау»
5-тур «Жерұйық»
1-тур «Қанат қақты»
Бұл турда топ басшыларына 5 сұрақтан қойылады.
Әр сұрақ 1 ұпай деп есептелінеді.
1-топ сұрақтары:
1. Қай кезде көбейтінді нөлге тең болады? /көбейткіштің біреуі 0-ге тең болғанда/
2. Шеңбердің радиусы 6м болса, диаметрі неге тең? /12м/
3. ЭЕМ-нің неше буыны бар? /5 буын/
4. Принтердің неше түрі бар? /3 түрі/
5. Заттың көлемін сақтап,пішінін өзгертетін күйі /сұйық /
2-топ сұрақтары:
1. Ең үлкен екі таңбалы сан? /99/
2. Бір ғасырда неше жыл бар? /100/
3. Мәліметтерді енгізу құрылғысы /Пернетақта/
4. Бірнеше атомдардың бірігуі /Молекула/
5. Денелердің траектория бойымен жүріп өткен арақашықтығы /Жол/
2-тур «Самғау»
Қай топтың ұпай саны көп болса, сол топ ойынды бірінші бастайды. Әр топқа екі сұрақ беріледі. Уақыты 1 минут. Бұл турда қосымша көмек алуға және нар тәуекел жасауға болады. Ұпай-5, қосымша ұпай алса 1 ұпай кемиді.
1. Оны сіріңкенің шиі немесе таяқшадан құрастыруға болады. Бұл 4 симметрия осі бар фигура
Сұрақ: Бұл қандай фигура? /Квадрат/
Қосымша көмек: Оны санның екінші дәрежесі деп те атайды.
2. Бір сабақта мұғалім оқушыларына «1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын табуды» тапсырыпты. Оқушылардың біреуі «ізделінді қосынды 5050-ге» тең деп жауап беріпті.
Сұрақ: Ол кім? /Карл Фридрих Гаусс/
Қосымша көмек: Оқиға 7-ғасырдың соңында Германияда болған. Бұл оқушы кейіннен әлемге әйгілі болған математик королі.
3. Ол қағаздағы кескінді түсіріп,дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, мәтінді түсіріп алуға болады.
Сұрақ: Бұл енгізу құрылғысы қалай аталады?/Сканер/
Қосымша көмек: Оның планшетті, барабанды және қол түрлері болад .
4. Оны бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыруға болмайды, ол жүйелік блоктың ішіне орналастырылған және сыйымдылығы үлкен
болады. Оған бірнеше жүздеген дискеттердегі ақпараттар сыйып кетеді.
Сұрақ: Бұл қандай диск? /Қатқыл диск немесе «Винчестер»/
Қосымша көмек: Оның шпинделінің диаметрі американдық винтовканың оқпанының диаметріне тең.
5. 0 мен 100 нүктелерінің арасындағы шкаланы бірдей 100 бөлікке бөліп, градус деп атаған. Сұйық бағанның бір бөлікке орын ауыстыруы температураның 1 градусқа өзгеруіне сәйкес келеді. 00-тан температураға «-» таңбасы қойылады.
Сұрақ: Осы шкаланы ұсынған швед ғалымы кім? /А.Цельсий /
Қосымша көмек: Оны t0С деп белгілейді.
6. Табиғатта заттар көп. Солардың біреуі туралы. Оны үйкелісті азайту үшін қолдануға болады. Оны қыздыру, суыту үшін қолдануға болады. Оның үш күйімен жиі кездесеміз.
Сұрақ: Ол не? /Су/
Қосымша көмек: Үлкен адамның организімінде 65% бар.
3-тур «Шарықтау»
Бұл тур топ жанашырларымен өтеді. Бір сұраққа жауап беру үшін екі мүмкіндік беріледі. Ұпай – 10. Дұрыс жауап берсе, ұпай сол топтың ұпай санына қосылады.
Ж Ұ М Б А Қ Т А Р :
1. Санасаң бір үйде төртеу бар,
Қаласаң ауызды өртейтін нәр. /Бұрыш/
2. Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. /Найзағай/
3. Кеудесімен айырып
Жалғыз аққу айдында
Мойнын ірке қайырып,
Таң атқанша қалғиды. /Ай/
4. Экранның бетінде тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. /Меңзер/
5. Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? /Принтер/
4-тур «Шырқау»
Ақтық кезең. Терезеден сұраққа сәйкес келетін цифрды таңдап, жауап беру керек. Қосымша көмек, нартәуекел жасауға болады. Ұпай – 10.
1. Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді. Күндіз ол 4 м биіктікке көтеріледі, ал түнде 3 м төмен түседі.
Сұрақ: Ол қанша күнде басына шығады. /3 күнде/
Қосымша көмек: /Күн мен түн 4-3=1м /
2. 5 сандық және 5 кілт бар.
Сұрақ: Оның әрқайсысын ашу үшін неше рет кілт таңдау керек. /4/
Қосымша көмек: Бірінші 5 кілтті салу арқылы 4 кілт қалады.
3. Өзі жылу қозғалысқа жатады және ешқашан тоқтамайды, онда бөлшектер күрделі траектория сызады, температура жоғарылаған сайын оның қозғалғыштығы артады.
Сұрақ: Бұл құбылысты 1827 жылы ашқан ғалым кім? /Р.Броун/
Қосымша көмек: Бөлшектер сұйық бетінде қалықтап жүреді
4. Бұл құрылғы командаларды таниды, оларды орындайды және өз жұмысының нәтижелерін шығарып береді немесе оны машинаның жадына жазады, тіпті екеуін де қатар орындай алады. Компьютердің кез келген жұмысы болса да, оның қатысуымен болады.
Сұрақ: Бұл қай құрылғы? /Процессор/
Қосымша көмек: Ол компьютердің «миы»
5. Оның ішінде аналық тақша, процессор, қоректендіру блогы, жедел жад, қатқыл диск, дискжетек, CD – ROM, бейнетақша, дыбыс тақшасы мен көптеген басқа құрылғылар бар.
Сұрақ: Бұл негізгі құрылғы қалай аталады /Жүйелік блок/
Қосымша көмек: Ол үстелге қоятын, «еденде», «мұнара» түрінде болады.
6. Ол жылу мен суықтың табиғаты туралы 1745 жылы өз шығармасын жазды. Жылуды зат бөлшектерінің айнымалы қозғалысы ретінде қарастырды.
Сұрақ: Бұл ғалым кім? /Ломоносов/
Қосымша көмек: Ол кісі «физика» сөзін орыс тіліне енгізген.
5-тур «Жер ұйық»
Бұл турды тек жеңген топ қана жалғастырады. Бұл турды ойнамауларына болады. Ойнап және дұрыс жауап берсе төрт турдан жиналған ұпай саны екі еселенеді.
Шәкәрімнің өлеңінен үзінді:
Шын залымға берме ғылым, ол алар да оқ қылар.
Қаруым дер, кісі атып жер, ол ғылымды айла етер.
Дүниені түзетуші, һәм бұзушы – бір ғылым.
Әрі залым, әрі ғалым, ел түбіне сол жетер.
Сұрақ: Бұл өлең жолдарынан информатикаға қатысты қандай ұғымды аңғаруға болады? Қандай шағын көлемді программа туралы сөз болып тұр? /Вирус/
Жеңген топ марапатталып, мақтау қағазы тапсырылады. Соңынан әнұран айтылады. Бұл оқушылардың қызығушылығын оятып, ынтасын арттыра түседі.
Кештің соңы.