Алматы облысында бір топ ұры 15 үйді тонап кетті

0

Жәбірленушілерге шамамен 5 миллион теңгені көлемінде шығын келтірілген.

Алматы облысының полицейлері бір топ ұрыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, төрт ер адамнан құралған қылмыстық топты Жамбыл ауданының полицейлері ұстаған. Қазір оларға Ұзынағаш ауылында 2018 жылдың күзінде тіркелген ұрлау деректері бойынша айып тағылған.

«Күдіктілер кезекті ұрлықтан кейін дереу ұсталды. Олардың екеуі бұрын сотталған. Тергеп-тексеру кезінде ұсталғандар осы секілді басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілді. Қазір күдіктілер әр түрлі кезде жасалған 15 ұрлық дерегі бойынша айыпталып отыр. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы залал шамамен 5 миллион теңгені құрайды», — деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ауыл тұрғындарының қолды болған мүліктерінің бір бөлігі табылып, тергеуге заттай айғақ ретінде алынды.

«Әзірге күдіктілердің негізгі фигурант болып отырған біреуі ғана қамауға алынды. Ал үшеуіне тергеу кезінде ешқайда кетпеу бұлтартпау шарасы қолданылды. Жамбыл облыстық полициясының қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», — дейді тәртіп сақшылары.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/