Михал Билек — футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері
Чехиялық маман Михал Билек футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Билек бұл маусымда «Фастав Злин» командасын тізгініне алған болатын.
Бапкер Чехия, Словакия, Коста-Рика және Грузия чемпионатттарында қызмет жасаған. 2009-2013 жж аралығында Чехия ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Станимир Стоилов Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері тізгінінен кеткен болатын.