Тікұшақ апатынан қаза болған ұшқыштың кім екені анықталды — Тосын жай

0

Алматыда шипажай аумағына құлаған тікұшақта Валентин Шитов болғаны анықталды, ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың 17 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 15.59-да Sky-service әуекомпаниясына тиесілі «Еврокоптер-130» тікұшағы құлады. Ол Боралдай әуежайынан шығып Үлкен Алматы көліне ұшып бара жатқан кезде құлады. Бортта тек ұшқыш болған — Шитов Валентин Викторович, оны анықтаған кезде тірі болатын. Бірақ ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды», — деп хабарлады комитеттегілер.

Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлады

ҚР ИДМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің өкілдері тергеу бастады.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz