Жабайы жануарлар
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Жабайы жануарлар
Автор: Оразбаева Айжан Сериковна
Бағыты: Мектепалды даярлық Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-01-16
Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмекші құрал ретінде қажет деп білемін
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта Бөлімі: Көркем әдебиетТақырыбы: «Жабайы аңдар» (сурет бойынша әңгімелеу)Мақсаты:Әңгіменің мазмұнын сурет бойынша әңгімелету; Жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту, олардың тіршілігін сипаттап, аттарын айтып, сөздік қорын байыту; Оларды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, жұмыс дәптері, хрестоматия, DVD, теледидар.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық | Балалар шеңбер бойына тұрып, төмендегі өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды. Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік! Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік!
— Бәрекелді, қандай тамаша! Мен сендер сияқты ақылды, сүйкімді, тәртіпті балалардың болғанына өте қуаныштымын.Енді бәріміз орнымызға барып жайғасып отырайық. |
Балалар шеңбербойына тұрып,төмендегі өлеңжолдарын айтып,қимылдар жасапорындайды. |
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Теледидардан жабайы аңдарды көрсету.— Балалар, сендер хайуанаттар бағына барып көрдіңдер ме?Олай болса, біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде жабайы аңдар туралы әңгімелейміз. Сурет бойынша әңгімелеу. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып шығамыз.
— Суретте қандай аңдарды көріп тұрсыңдар?— Жабайы аңдарға нелер жатады?— Неліктен жабайы аңдар дейміз?— Олар қай жерде мекендейді? |
(Балалар жауаптары) ЖабайыБалалардыңжауаптары.Орманда жүредіОйнап жатырҚонжықБөлтірікҚу, тұмсығы үшкір |
Рефлексиялық — түзетушілік | Сабақты қорытады: –Сабақта не жайлы сөз болды? –Олардың бəрін бір сөзбен қалай атаймыз? |
Күтілетін нәтиже:Біледі: сурет бойынша әңгіме құрай білу.Игереді: аңдардың мекендейтін жерін біледі. Меңгереді: жабайы аңдардың аттарын айтып, бір-бірінен ажыратып, олардың қимылын салады>
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.