Педагогика ғылымының жүйесі | Скачать Реферат
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1) Педагогикалық шеберлік.
2) Педагогтардың педагогикалық шеберлік туралы ой-пікірлері.
3) Жаңа оқу жүйесіне көшу
4) ХХІ ғасырдағы мұғалім мен оқушының ара- қатынасы.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Педагогика ғылымының жүйесі
Педагогика ғылымының жүйесі бірқатар педагогиканың саларынан тұрады:
• Педагогика тарихы-тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын
зерттейді.
• Арнайы педагогика-көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-
ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу
мәселелерін зерттейді.
Арнайы педагогиканың салалары:
Сурдопедагогика-саңырау, мылқау,керең балаларды оқыту мен тәрбиелеу;
Тифлопедагогика-соқыр балаларды оқыту мен тәрбиелеу;
Логопедия- тілінің кемісі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерін
зерттейді;
Олигофренопедагогика-ақыл-ойы кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу.
• Пәндерді оқыту әдістемесі-оқыту және білім беру теориясына-
жалпы дидактикаға сүйенеді.
• Мектеп педагогикасы- кіші, орта және жоғарғы жастағы балаларды
тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен
принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін зерттейді.
• Мектепке дейінгі пелдагогика-үйелмендегі, балалар бақшасындағы ,
демек, мектеп жасына дейіңгі балалар тәрбиесін зерттейді.
• Жоғарғы мектеп педагогикасы-жоғарғы мектептегі жастағы оқыту мен
тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.
• Кәсіби- техникалық білім беру педагогикасы- педагогикалық
процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі
деңгейдегі мамандардың заңдылықтарын қарастырады.
• Әскери педагогика-әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды
әскерге шақыру жасындағылардан бастап, әскери мамандықты
игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің
тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
• Салыстырмалы педагогика-әрбір елдегі білім беру және тәрбие
жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін
салыстыра дамуын знрттейді.
• Этнопедагогика-ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерін зерттейді.
Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы:
Педагогика ғылымы адам туралы басқа ғылымдармен тығыз байлынысты.
Өйткені адамды жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу проблемасын шешу
үшін педагогика басқа ғылымдардың нақты мағлұматтарына сүйенеді. Олар:
философия, физиология, психология, тарих, география, саясаттану, медицина,
әлеуметтану және педагогиканың басқа да салаларымен тығыз байланысты.
• Философия- бұл адамды күшті идеалық сенімге, айқын түсіне білушілікке
тәрбиелейді.
• Психология-адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудың әдістері мен
тәсілдерін іздестіреді.
• Әлеуметтану-жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру
проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік орта мен
тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып,
шешім қабылжайды.
• Этнография-белгілі бір халықтың экономикасын және рухани мәдениетін,
тұрмысын зерттейді.
• Адам физиологиясы- бала организмдегі жоғарғы нерв қызметін, тыныс алу,
қан және жүрек тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін
қарастырады.
• Мектеп гегиенасы- жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту
жайындағы ғылым.
Педагогикалық шеберліік
Педагогикада кәсіби қызметінің сапасын анықтайтын бір тұтас әрі жүйелі
түсінік педогогикалық шеберлік болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде
шеберлік белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз
ісінде жоғпры нәтижеге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып
оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін
ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен
шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби
қызметінен көрес аламыз ба? Жоқ себебі, педагог сағат сайын айналадағы
өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы
әкімшілік пен тәрбиелікті обьективті заңдар туралы сөз болып отырғанын,
яғни бір адамның педагогтың өмірге көзқарасы, қарым-қатынасы туралы екенін
түсіну маңызды.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес
дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту асласы бойынша халық
комиссары А.В луначарскийдің мақалалары мен басылымдарында жарияланған
сөздерінен білеміз. 1928жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің
мәжілісіндегі сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін
атап айтқан егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құйуға
болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор
баға жетпес гауһар өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немес
күәсіздықтың үлкен кінәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді
анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек дейді.
Н.К. Крупская 1932 жылы жарыққа шыққан мұғалім туралы деген
мақаласында үлгілі мұғалімнің мерейі ретінде төмендегі критерийлерді
анықтады. Мұғалім өз пәнін, әрбір оқушын.ы еңбекті ұйымдастырудың ғылыми
негіздерін білу керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz