Жаркентте колледж мұғалімі студенттерді ұрып-соқты: Желіде видео тарады — Тосын жай

0

Алматы облысында колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студенттерді ұрып-соқты, — деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желіде оқиға болған сәтте түсірілген видео таралып жатыр. «19-шы СПТУ ұстаздары оқушылармен осылай сөйлеседі. Бұл бүгін бізде Жаркентте болды», — делінген видеоролик сипаттамасында. 

Алматы облыстық білім басқармасының өкілдері колледждегі ұрып-соғу дерегі барын растап, осыған қатысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.

«Осы жағдайға байланысты Жаркент көпсалалық колледжінде биыл 10 қаңтарда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмыстан босатылды. Облыстық білім беру басқармасының комиссиясы колледжге жіберілді. Тексеру нәтижесінде колледж басшылығы мен ұстазға қатысты шара қолданылады», — деді басқарма өкілдері. 


видеодан кадр

Сонымен қатар, комиссияның жұмысы Алматы облысы әкімдігінің бақылауына алынды. Алматы облыстық полиция департаментінің қызметкерлері осы роликті тексеріп жатқанын мәлімдеді. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz