8 қаңтардағы доллар бағамы — теңгенің құны артты
Қазақстандық айырбастау пункттері сейсенбі күні америкалық валютаны 375 теңгеге сатып жатыр
АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Доллардың орташа бағамы 372,51 теңге болды.
Қазақстанның қор биржасындағы таңғы сауда-саттық бойынша, доллар 5,61 теңгеге арзандады. Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, айырбастау пункттерінде бір доллар 375 теңгеден сатылып жатыр.
Екі апта бұрын 29 желтоқсанда доллар биржадағы рекордтық бағаға көтерілген болатын – 384,2 теңге.
Жаңа жыл қарсаңында теңгені құнсыздануын ұлттық экономика министрлігі түсіндірген еді. Ведомство басшысы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, бұл АҚШ-тың федералды резервтік жүйесі мөлшерлемесінің жоғарылауына байланысты болған. 2019 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша теңге бір доллар үшін 370 теңге деңгейінде болмақ.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/