Урбанизация − экономикалық дамудың маңызды драйвері

0

Президент өз Жолдауы ар­қы­­лы елімізде 2030 жылға де­й­ін­­­гі аумақтық-кеңістіктік даму­ы­­­ның болжамды схемасын әзір­леу­ді тап­сырды. Бұл еліміз­­дегі урба­ни­­­­за­цияның жаңа кар­та­сына айна­­­латыны анық. Бірақ бұл бағытта бірнеше бөгеттер бар. Бұл елі­міз­дегі ірі қалалардың инфра­­­құры­лымы кәсіп­­орындар мен тұр­ғындар саны­­ның жедел өсіп келе жатқан қар­қы­­ны­на іле­се ал­мауына, халық­­тың қа­жет­­­тілік­те­ріне сай кел­ме­у­і­не, бола­шағы жоқ ауылдар саны­ның көбеюіне қа­­тысты. Осы орай­­да заңды сұрақ туын­­дай­ды: урба­ни­­за­ция қазіргі жағ­­дай­да несі­мен маңызды? Бұл про­­цес­тің халық­тың әл-ауқатын арт­­тыруда қанша­лықты маңызы бар?

Әлемдегі урбанизацияның негізгі трендтері

Әлем бойынша халықтың негіз­гі бөлігі қалаға көшіп, ауыл тұрғындарының саны азаюда. БҰҰ болжамына сәйкес, 30 жылдан кейін әлем халқының 6,2 млрд-тан астамы қалада шоғыр­ла­нып, жер шары тұрғындарының жалпы үлесінің 66 пайызын құрайтын болады. 

Урбанизацияның мемле­кет үшін рөлін түсінудегі ең ма­ңыз­ды фак­торлардың алғашқысы – оның эконо­­ми­ка­лық өсімді едәуір ынта­ландыруында. Атақты әл­еу­мет­танушы, жаһандану үрдісін зерттеуші ғалым Саскиа Сассеннің айтуынша, урбанизация мен ІЖӨ-нің арасында тікелей байланыс бар. Екіншіден, кез келген мем­лекеттегі қала халқы­ның саны 5%-ға артқан сайын жан басы­на шаққандағы эконо­микалық бел­сен­діліктің өсімі 10%-ға өсіп отырады. Соны­мен қатар болашақта әлем эконо­микалары емес, ірі қала­лар арасындағы бәсекелестік арта түседі деп жоспарлануда. 

Үшінші факторды айта­тын бол­сақ, дамыған елдерде халық­тың төрттен үш бөлігі қалаларда тұрады: Ұлыбританиядағы урбандалу көрсеткіші 83%, АҚШ-та – 82%, Францияда – 79%, Германияда 75%-ды құрап отыр. Атақты «Климаттың жаңа эконо­ми­касы» атты баяндаманың де­рек­­­тері бойынша, Токио қала­сы­ның ІЖӨ-сі Испанияның ІЖӨ-сінен аса­ды, сол сияқты Лон­донның ІЖӨ-сінің көлемі Швецияның ІЖӨ-сінен артық. БҰҰ өкілдерінің ай­туынша, 2030 жылға қарай бар бол­ғаны 600 қалаға әлемнің ІЖӨ өсімінің 60%-ы тиесілі болады. 

Нақты іс-қимыл

Жалпы, елімізде урба­ни­за­цияға қатысты бастамалар бұ­рын да көтерілген. Мәселен, Қазақ­­стан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының Стра­тегиялық жоспарының ішін­де белгіленген жеті рефор­ма­ның бірінде «Қуатты аймақтар мен урбанизация» атты арна­йы жоспар бар. Осы реформа­да көр­сетілгендей, елдегі ур­ба­ни­­­зацияның қарқыны мен қала­ларды дамыту елдің тұтастай дамуы мен әлеуметтік-эконо­ми­­­­­ка­лық өсімнің маңызды фак­­­торлары болып табылады. «Қуат­ты ай­мақтар мен урбани­за­ция» – бұл әр ай­мақ­тың эконо­­­микалық тұрғыда өз­дігі­нен дамуын ынталандыру және тұрғы­­лықты жеріне қара­мас­тан өмір сапасының тең­дігін қамта­­­ма­сыз етудің алғы­шар­ты. Бұл сала­дағы реформалар әлеу­мет­тік-экономикалық айыр­ма­шы­лық­тар­ды және аймақтар ара­сын­­дағы дисбалансты азайту мақ­сатында тек ірі қалаларды қамтып қана қоймай, моноқала мәртебесін иеленген елді мекендерге де қатысты болады.

Азаматтардың мүддесін ескеру қажет

Жоғарыда аталған шараларға қарамастан, елдегі урбанизация науқаны тиісті нәтижелерді бере алмай келеді. Қазақстандағы ур­бан­­­­далу деңгейі әлі төмен дең­гей­­­­де қалуда: 2014 жылы әлем­­дік урбанизация көрсеткіші бой­­ын­ша Қазақстан 228 елдің ішінде 140-орынға жайғасты. 

Қазақстанның контексіне ке­­ле­­­тін болсақ, Астана мен Ал­ма­­­ты қа­ла­лары еліміздегі ішкі жал­­пы өнім­­нің 30 пайыздан аста­мын қам­та­­масыз етіп, донор, яғни бюд­жет­­­ке ақша құятын қалалар болып отыр. Бұл тізімге биыл республи­ка­лық маңызы бар қала мәртебесін алған Шымкент те қос­ыл­уы әбден ық­тимал. 

Өзге елдердегідей, бізде де ауыл мен қала халқының арасын­да­­­­­ғы өмір сапасы және табыс дең­­­­­­гей­­індегі айырмашылықтар ай­қын байқалады. Бұл айыр­ма­­шы­­­лық­­тың әлі де ұлғаю ықти­мал­­­дығы бар: ауылдағы еңбек өнім­­­ділігінің төмен болуы, ауыл шар­уа­­­шы­лығындағы инфра­құры­­лым­ның жетік дамымауы, ауыл­да­ғы өндірушілер үшін облыс орта­лықтарындағы негізгі тұтыну нары­ғынан алыс орналасуы және кли­маттық жағдайлар себеп болу­да. 

Қазіргі кезде Қазақстан хал­қы­­­ның 57 пайызы қалада шо­ғыр­­­ланған. Елімізде ІЖӨ-нің 95 пайы­зын қалалар өнді­ре­тін болса, небәрі 5%-ы ауыл­ға тие­сі­лі. Бұл – еліміз үшін ау­қымды ур­ба­­низацияның қажет­ті­лі­гін көрсе­­тетін тағы бір көр­сет­кіш. Мил­лион тұрғыны бар және хал­қы одан да асып кететін үш қала қар­қынды «ресипиентке», яғни қа­былдаушыға айналуда: соң­ғы деректер бойынша Алматы қала­сын­да халық саны 1 900 000-ға жуықтаса, Астанада 1 047 000, Шым­кентте 1 005 000 тұрғын тұрады. 

Елдегі соңғы 10 жыл ішіндегі ур­ба­­­ни­­зацияны талдайтын бол­сақ, қала мен ауыл хал­­қының үле­­сі жал­пы­­лама және өңірлік дең­­г­ей­де өз­герістерге ұшырады. 2009 жылға қарағанда қала хал­қы­­­­­ның саны 4,4 пайызға артты. Өңір­­­­лердің көрсеткішімен алатын бол­­­сақ, урбанизация елі­міздің көп­­­теген облысында орын алды, тек аз бөлігінде қала хал­қы­ның аза­­юы байқалады. 

Еліміздің кей аймақтары ур­бан­далуы бойынша рес­пуб­ли­ка­­­лық орта көрсеткіштен төмен нә­­ти­­­­­желерді көрсетуде. 2018 жыл­­­дың 1 шілдесіндегі дерекке сүйен­сек, ең аз урбандалған өңір – жа­қында құрылған Түркістан об­лысы (қала халқының саны 19,5%-ды құрайды). Сондай-ақ ур­бандалу көрсеткіші төмен өңір­лер­ге Алматы (қала халқының үлесі 22,7%), Жамбыл (39,7%) және Маң­ғыстау облыстарын (40,5%) жат­­қызуға болады.

Урбанизация Қазақстан үшін сөз­сіз адами капитал мен әл-ау­қат­тың дамуын қамтамасыз етуші құралдардың бірі. Урбан­дал­ған ортада қалаға тән өзіндік ерекше мәдениет қалыптасады, ха­лық­тың әлеуетін дамытуға барлық жағдай жасалады және жаңа тех­но­­ло­гияларға, жаңа кәсiп түр­леріне бейімделу тез жүреді. Сондықтан дамыған елдердегідей орасан зор өндірістік қуат, ақ­пар­аттық, инновациялық және әлеуметтік-экономикалық әлеует шо­ғырланған мегаполистер мем­ле­кеттік байлықтың негізгі өсімін қамтамасыз етуі Қазақстан үшін де маңызды. 

Біріншіден, қалалар құры­лы­сы мен елді мекендерді дамыту барысында азаматтардың мүд­десін ескеру қажет. Халықтың ден­­саулығын және өмір сүру жай­­лылығын барлығынан жоға­ры қою керек. Ол үшін барша қала тұрғындарына тиесілі қала­лық тіркеуге тұруды жеңіл­де­ту, әлеу­меттік қызмет көрсету жүйе­­сін жетілдіру қажет. Екін­ші­ден, қалалар құрылымын оң­тай­­ландырып, ғылымды да­мы­туға барша қалалық ресурс­тар­ды жұ­мылдыру маңызды. Ірі елді ме­кен­дер­дегі құры­лыс­қа арнал­ған және ауыл шаруа­шы­лы­ғы мақ­сатына пайда­ланылатын жер­лерді қатаң бақылауға алу қажет­ті­лігі де бар.

Бастысы, Президент жүктеген мін­детті жүзеге асырудағы маң­ыз­ды мәселелердің бірі жалған урбанизацияға, яғни тек қалалық территорияларды үлкен көлемде кеңейтіп, оны бос қалдыруға жол бермеген жөн. Үкімет тарапынан агломерациялар құру ісінде толық бақылаудың болуы қажет.

Исатай МИНУАРОВ,

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы

Дереккөз: http://egemen.kz/