Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы

Автор: Сагидуллаева Зульфия Зиятдиновна

Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 11 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-07


Материал туралы қысқаша түсінік

11- сыныпқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге арналған




Бекітемін_______________Мерзімі: 18.10.18ж. Сынып: 11 «Ә»

Тақырыбы Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы
Мақсаты Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толықтыра отырып, «Көкшетау» поэмасын оқып, тақырыбы мен идеясын көркемдігін ашу, лирикалық кейіпкер, бейнелеу құралы символ туралы түсініктерін кеңейту.
Жалпы мақсат Сөз еркіндігіне баулу, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөз өнеріне қызығушылығын арттыру, поэзияны түсінуге, сырына үңілуге шақыру
Күтілетін нәтиже Адамгершілік қасиеттерді дәріптеу әсемдікті тану, эстетикалық рухани бағдар беру.
7 модульдің қолданылуы Дамыта оқыту, СТО технологиясының кейбір элементтері.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Интерактивті тақта, мультимедиялық көрсетілім, тірек — сызбалар пайдалану, суреттер, тест сұрақтары, түсіндіру, ой талқы, хронологиялық кесте, талдау.
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды 1-топ-Сакен ақын2-топ – Сакен жазушы3-топ Сакен лирик Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.
Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білім

Қызығушылықтарын ояту

Миға шабуыл С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін тыңдау.1. Мұғалімнің кіріспе сөзі : «Сыр сандық» өлеңінен үзінді оқу.Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара , сырласым.Сым пернені басып қара, Басып қара жырласын!Сұлу сымда перне әуені, Перне әуені жыр айтар. Көңіл ашар тербеу әні, Тербеу әні сыр айтар. Шыққанбыз дос, шыңға талай, Талай сырды ойланып,Ақтарарлық алтын сарай, Алтын сарай қойманы.Бүгінгі сабақта Сәкен Сейфуллин атты алтын сарайды аралайық. Сәкен — біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер Сәкен — өлеңнен өрнек өрген ақын, қара сөздің сиқырын игерген прозашы. Сәкен — тыңдаған жанның жүрегін тербемей қоймайтын сырлы да сазды ән шығарған талантты композитор. Нұрсұлтан Назарбаев.Жалпы сыныпқа өткен тақырып бойынша сұрақтар тарату арқылы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы үй тапсырмасы ретінде сұралады.«Ғұмырдария» стратегиясы Туған жері: қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданы , ( бұрынғы Жаңаарқа ауданы) Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы.Өмірінен деректер:1905-1908 Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде оқыды.1908-1913 Ақмолада приходская школада, қалалық училищеде оқыды.1913-1916 Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымынқмолада «Жас қазақ» ұйымын ашып, «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырған1917 Ақмола Совдепі президиуымының мүшесі.1918-1919 казактар мен контр-революцияшыл чехослвактардың көтерілісі кезінде Ақмолада Кеңес өкіметі құлап, Сәкен жолдастарымен революция дұшпандарының қолына түседі, Ақмолада, Петропавл түрмелерінде, атаман Анненковтың «Азап вагонында», Колчактың Омбы лагерінде ауыр азаптар шегеді.1919ж. Қашып шығып, «Дүйсенбі» деген жалған ат жазылған құжатпен жаяу Павлодар, Баянауыл арқылы туған еліне жетеді. Одан кейін қазіргі Тараз қаласына келіп, Совдептің көмегімен Сарысу, Шу өзенінің бойындағы елдерде кеңестендіру жұмысын жүргізеді. Елді Колчак үстемдігіне қарсы көтеріліске ұйымдастырып, Ақмола уезінде Кеңес өкіметін орнатуға қатысады.1920ж.Қазақ Автономиялық Республикасы құрылған съезде Қазақстан Орталық Атқару комитетінің Төралқа мүшесі болып сайланады. Жер-су комиссиясының төрағасы.1922-1925ж.Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы.1922ж.«Еңбекші қазақ» газетінің редакторы.1925ж.Халық ағарту комиссараты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясының басшысы.1927ж.Қызылорда Халық ағарту институтының, Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының директорыы.1932ж.«Әдебиет майданы» ( қазіргі «Жұлдыз») журналының редакторы.1934ж.Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры.1936ж.Әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, оған Еңбек Қызыл ту ордені берілді.1937ж.Тұтқындалды.1938ж.26.02.Халық жауы» ретінде атылды.Қызметі:Ақын : 1. «Өткен күндер» (1914), «Асау тұлпар» (1922), «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926)2. Поэмалары: «Аққудың айырылуы» (1925), «Советстан»(1925) , «Көкшетау» (1929), «Альбатрос»(1933), «Қызыл ат» (1933-34)Жазушы: Повестері: «Айша» (1922), «Жер қазғандар» (1928), «Жемістер» (1935)«Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романы (1927)Драматург: «Бақыт жолына» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920)ПедагогӘдебиет тарихын зерттеуші ғалым: «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары»,«Батырлар», «Қазақ әдебиеті»ПублицистКомпозитор: «Біздің жақта», «Сарыарқа», «Көкшетау», «Ақсақ киік»«Тау ішінде», «Жас қазақ марсельезасы», «Жолдастар» «Тау ішінде» әнін айтады, сұрақтарға жеке жеке жауап береді
Түсіну Ой қозғау «Көкшетау» әнін тыңдау. Көкшетау поэмасы 1929 жарық көрді. Бұл поэма ҚазААП-тың сынағына көп ұшырады. Сәкенге бүгіннен алшақтап өткенді аңсадың,өткен дәуірге көңіл бөлдің деген айып тағылды. Осындай жан-жақты қысымға қарамай Сәкен құнды шығарманы дүниеге әкелді. Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған. Бастала бере Көкшенің әдемі табиғатын көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен тасын, ауасы мен суын тамылжыта суреттейді.табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып сұлулық пен рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді. Ақын Оқжетпес, Жеке батыр, Бурабай атаулары жөнінде аңызды ел, жер тарихымен бірге береді. Өнер адамдары өмірін айтады. Поэманың ең негізгі арқауы- қалмақ қызы мен Адақ батыр арасындағы сюжет жаугершілікте қолға түскен сұлулығымен талай ержүрек батырларды таластырып қойған қалмақ қызының тағдыры арқылы шешіліп, осы ақылды ұға білген Адақ батыр арқылы толықтырады. Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын, жер, ел тарихының терең тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне сәйкестендіріп, Көкшенің қадір- қасиетін жерімен, онда тіршілік еткен елімен бірге жырлайды. «Көкшетау» әнін тыңдалады.
Қолдану Ойлан бөліс Поэманың мазмұндық жоспары:Бөлім атауыОқиғаның барысы1.КіріспеКөкшенің сұлу табиғаты.2.Негізгі бөлім.Оқжетпес.Жұмбақтас.Қазақ- қалмақ қарым-қатынасының бір оқиғасына арналған. Абылай бейнесі. Ұрыста қолға түскен қалмақ қызына Абылай батырларының таласуы. Тұтқын қыздың батырларға қойған үш шарты.3.Адақ батырАдақ батырдың ата тегі, шыққан жері. Қалмақ қызының басына қауіп төнген тұста Адақтың араласуы.4.Ерік алған қызЖылы жүректі батыр тұтқындағы қызға азаттық береді. Жеке ойланады, топ болып біріге жұмыс жасайды,басқа топтарға бөліседі.
Талдау РАФТ әдісі бойынша өткен тақырыппен жаңа тақырыпты мағанасын ашу Тапсырмаларды талдау Жаңа тақырыпты меңгеру үшін «РАФТ» әдісін пайдалану әр топтан оқушы шығып тақтаға өткен тақырыппен сәкестендіре отырып жаңа тақырыптың мағынасын ашады, айтып түсіндіреді.1-оқушы. «Көкшетау» поэмасындағы Абылай бейнесі мен «Батыр Баян» поэмасындағы Абылай бейнесін салыстыра талдайды.2-оқушы. Қалмақ қызының бейнесіне талдау жасайды.3- оқушы. Қалмақ қызының жұмбағын мазмұндайды.4- оқушы. Адақ батыр бейнесіне талдау жасайды. Қыз жұмбағының шешуін мазмұндайды. Тақырыптың мазмұнын ортаға шығып талқылайдды , өткен тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстыру үшін суреттер мен видероликер арқылы жаңа тақырыптың мағынасын ашады
Жинақтау Топпен жұмыс Ыстық орындық әдісі арқылы тапсырма беру Топтарға жаңа тақырып бойынша тапсырмалар тартып, түсініктерін ортаға әр топтан шығартып айтқызу.Поэманың композициялық құрылысын түсіну.1.БасталуыКөкшетаудың сұлу табиғаты. Абылай батырларының тұтқын қызға таласып дауласуы.2. ДамуыТұтқын қыздың шарты. Батырлардың бір-бірімен өнер сынасуы.3. БайланысуыҚыз жұмбағы.4. Шарықтау шегіАдақ батырдың оқиғаға араласып қыз жұмбағын шешуі.5. ШешіміҚыздың азаттық алуы. Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру
Бағалау Өзін-өзі бағалау (2 мин)Бағалау парақшалары Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату Өзін өзі және топпен бағалайды

Үй тапсырмасы

Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы оқу, талдау жасау.
Рефлексия Стикерлерді толтыру Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.