Мектеп: №24 орта мектеп
|
Күні: 19.09.2018
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ғилманов Е.Р.
|
Сынып: 7 «б»
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Құрттардың көптүрлілігі |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Оқушылар;
Қазақстанда кездесетін құрттарға жалпы сипаттама;
Олардың тіршілік циклымен танысу;
Олардың биоценозда алатын маңызы;
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар;-Қазақстанда кездесетін құрттардың түрлерін атай алады;—Оларға тән негізгі ерекшеліктерді біледі;—Олардың тіршілік әрекетін, қоректенуін және маңызын түсіндіреді |
Жетістік критерийлері |
Оқушылар:— Омыртқасыз жануарлар ерекшеліктерін ауызша және жазбаша түрде талқылай алады. — Олардың түрлерін бір-бірінен ажырата алады— Тақырып бойынша қорытындыны ауызша және жазбаша жасайдыПәнге тән лексика мен терминология:Қазақстан табиғаты, дәрілік өсімдіктер, аскөк, тұнбасы, аскөктің тұқымы |
Тілдік мақсаттар |
-Оқушылар топта, жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне көмек көрсетуге, сенімді,әділетті, шыншыл болуға үйренеді;-Тақырып бойынша тірек сөздерді үш тілде қабылдау арқылы көптілді орта қалыптасады;—Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған.-Құндылықтарды дарыту жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады. |
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылар омыртқасыздармен танысу барысында экология пәнімен байланыстырылады.Өлшеу жұмыстарын жүргізу, есептеу жұмыстары кезінде математикалық білімдерін қолданады. |
Пәнаралық байланыстар |
Ғаламтор арқылы қажетті ақпараттарды таба алу.Өз бетінше ақпараттармен жұмыс істей алу: іздеу, таңдау, талдау, бағалау, ұйымдастыру, ұсыну. |
АКТ қолдану дағдылары |
Слайд және бейнеролик |
ЖОСПАР |
Ұйымдастырукезеңі |
1.Оқушылармен сәлемдесу.Шеңбер бойымен тұрғызылып, көңіл-күйлері сұралады.
2.Үй тапсырмасын сұрау1.Жануарлар бөлімін неше топқа жіктейміз?2.Омыртқасыздардың негізгі ерекшелігі қандай?3.Шамамен олардың жасы…………….4.Жануарлар патшалығын жүйелеуде қай ғалымның еңбегі зор?5.Омыртқасыздарды неше типке бөлеміз?6.Омыртқасыздардың пайдасы қандай?7.Лмыртқасыздардың зиянды жақтары қандай?
|
Ресурстар
Презентация
|
Жаңа сабақ |
Құрттар – жануарлардың өте кең таралған тобы.Бұлардың денесі созылыңқы пішінді, аяқтары болмайды, алайда басын айқын ажыратуға болады, ирелеңдеп қозғалады. Құрттар үш типке ажыратылады: жалпақ құрт, жұмыр құрт және буылтық құрт.Дене пішіні созылыңқы, құрсағы арқасына жабысып жалпайған, кейбіреуінің денесін кірпікшелер қаптаған, еркін тіршілік ететін жәндіктер жалпақ құрттар типіне жатады. Бұлар жалпақ денелі болғандықтан да жалпақ құрттар деп аталады. Жалпақ құрттар теңізде, мұхитта және тұщы суларда тіршілік етеді. Бұлардың көпшілігі жыртқыштықпен, біразы паразиттікпен тіршілік етеді. Қазіргі ғылымға жалпақ құрттардың 12 500-ге тарта түрлері белгілі.Жалпық құрттардың 3 класы бар.1)Кірпікшелі құрттар – еркін қозғалатын жалпақ құрттардың бір класы. Бұлардың денесін кірпікшелер қаптап жататындықтан,осы класқа жататын құрттар кірпікшелі құрттар деп аталады.Кірпікшелердің үйлесімді қимылынан жалпақ құрт бірқалыпты еркін қозғалады. Бұлар су түбінде, кейбіреулері паразиттікпен тіршілік етеді. Ылғалды тропиктік ормандарда, топырақта тіршілік ететін де түрлері кездеседі. Ғалымдардың есептеуіне қарағанда, қазір кірпікшелі құрттардың 3000-ға тарта түрі бар деп есептеледі.Кірпікшелі құрттар – теңіз, мұхит және тұщы суларда су түбінде тіршілік ететін жалпақ денелі, созылыңқы пішінді жәндіктер. Денесін түк тәрізді кірпікшелер қаптайтындықтан, бұл класқа жататын жәндіктер кірпікшелі құрттар деп аталады.Кірпікшелі құрттар – жыртқыш жәндіктер, олар судағы ұсақ жәндіктермен қоректенеді.Кірпікшелі құрттардың денесі үш қабаттан: эктодермадан, энтодермадан және мезодермадан құралады. Бұларда дене қуысы болмайды, ең алғаш мүшелерге жіктелу байқалады.Кірпікшелі құрттарда сезім мүшелері дами бастайды. Олар – гермафродиттер. Кірпікшелі құрттар жыныстық жолмен көбейеді. Кірпікшелі құрттарда асқорыту, зәршығару, жүйке және жыныс мүшелері бар. Олар бүкіл денесі арқылы тыныс алады, олардың арнаулы тынысалу мүшесі болмайды.Кірпікшелі құрттар – еркін тіршілік ете алатын, кірпікшелері арқылы қимылдап жүретін жәндіктер.2)Сорғыш құрттар – балық, қосмекенді, құс және сүтқоректілердің ішкі мүшелерінде паразиттікпен тіршілік ететін жалпақ құрттар класы. Бұл класқа жататын жәндіктер кейде трематодтар деп те аталады. “Трематода” грекше атау, оның қазақша баламасы “сорғышы бар” дегенді білдіреді. Сорғыш құрттардың дене тұртқы бірнеше миллиметрден 5 сантиметрге дейін жетеді. 5000-нан астам түрі бар деп есептеледі.Әр турлі жануарлардың ішкі мүшелерінде (көбінесе ішегінде) мекендейтін жалпақ құрттар типінің бір класы – сорғыш құрттар. Бұлар мекендейтін иесінің ұлпалары мен мүшелеріне бекінетін арнаулы мүшесі – сорғышы болғандықтан, сорғыш құрттар деп аталған.Сорғыш құрттар – ішкі мүшелерде паразиттік тіршілік етеді, сондықтан ішкіқұрттар деп аталады. Бұлар нақтылы жалпақ құрттар болғанмен кірпікшелі құрттардан құрылысы мен тіршілік әрекеті жағынан едәуір ерекшеленеді.Буылтық құрттар- едәуір күрделі құрылысты, денесі екі жақты симметриялы, буылтықтанған ұп-ұзын жәндік. Бұлар теңізде, тұщы суда және топырақта тіршілік етеді. Денесі жұмыр және буылтықтардан құралғандықтан, бұл құрттар буылтық құрттар деп аталады. Буылтық құрттардың тұрқы бірнеше миллиметрден 3 метрге дейін жетеді. Қазір ғылымға 9000-нан астам түрі белгілі.Үлкен екі класқа жіктеледі.1)Әсіресе топырақта немесе тұщы суда, кейде теңізде тіршілік ететін, денесінде көзге байқалмаса да, сипағанда сезілетін аздаған қылтандары болатын, дене тұрқы өте ұсақ немесе 2,5 метрге дейін жететін буылтық денелі жәндіктер сирекқылтанды құрттар класына жатады. Бұлардың жұмыр құрттардан ерекшелігі- денесінде буылтықтардың және сирек те болса қылтандарының болуы. Бұлар сондықтан сирекқылтанды құрттар деп аталады. Сирекқылтанды құрттар барлық жерде кездеседі, қазір олардың 5000-ға тарта түрі бар.Сирекқылтанды құрттар-денесінде аз да болса қылтандары болатын, сезім мүшесіз, денесінде буылтықтары бар, қосжынысты болатын,сезім мүшесі нашар жетілген буылтықтары бар, қосжынысты жәндіктер. Бұлардың 200-ге тарта түрі теңізде тіршілік етеді. Бұрынғы КСРО-да 100-ге тарта топырақта, 300-ден астам суда мекендейтін сирекқылтанды құрттар бар. |
Презентация
Бейнеролик
|
Сабақтың ортасы |
1. Жаңа тақырыпты ашу Оқушылар «Құрттардың ерекшелігі» бейнероликті көреді, соңынан талдау жасайды.Бейнероликті талдау
Бейнеролик не туралы айтылады?
(оқушылардың ойын білу, пікірлесу, талдау)Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту
2.Суретпен жұмыстану
|
Бейнероликке сілтемеhttps://www.youtube.com/watch?v=wuRivodN2Pk
Дәптермен жұмыстану
|
|
3.Кері байланысСтикерлер арқылы «3Б».
Мен бүгін білдім: …………..
Менде бір сұрақ ……………..
Маған қиындық туғызды…………..
|
СтикерлерТүрлі түсті қаламдар |
Сабақтың соңы |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Үйге тапсырмаОқушылар барлық мәліметтерді жинақтап, реферат дайындап келу |
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Сабақ барысындағы мұғалімнің қолпаштау сөздері; «жарайсың», «тамаша», «осылай жалғастыр» тб
Өздік жұмысты-өзіндік бағалау
Жұптық жұмысты бағалау
|
|
Барлық оқушыларЗерттеу жұмысының мақсаты мен болжамын жазады;Зертеуді қауіпсіз жүргізу шарттарын анықтайдыОқушылардың көпшілігіЗерттеуді жоспарлайды және жоспар бойынша жүргізеді.Кейбір оқушыларЗерттеуді жоспарлайды және жоспар бойынша жүргізеді.Практикалық жұмысқа қорытынды жасайды |
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |