Жаңа жыл мерекесінде уланып қалудан қалай сақтануға болады

0
Жаңа жыл мерекесінде уланып қалудан қалай сақтануға болады


Мереке қарсаңында тамақтан уланудың алдын алған жөн.

Негізгі қауіпсіздік шаралары туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Алматы облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мерекелік дастарханға азық-түліктерді сатып алғанда ерекше сақ болған дұрыс. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың көрсетуі бойынша, қауіпті болуы мүмкін азық-түлік қатарында ет өнімдері (18%), сүт өнімдері (17%), кондитерлік өнімдер (7%), құс еті (6%) бар. Үнемі қолды жуып, ас үйдегі тазалыққа ерекше мән беру қажет. Сондай-ақ азық-түлікті сақтау шарттарын бұзбау да маңызды», — дейді департамент басшысы Ерғали Сыдыманов.

Оның айтуынша,  балаларға сыйлық аларда абай болған жөн. Өйткені, департамент жүргізген тексеріс кезінде ойыншықтардың 19%-ы Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сай келмейтіні анықталған. Соның 95%-ы таңбалау талаптарын бұзған, ал тағы біршамасынан улы формальдегид табылған.   Байқамай сапасыз азық-түлік немесе тауарларды сатып алғандар бұл жайлы департаментке хабарласуына болады.