Махаббат лирикасы
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Махаббат лирикасы
Автор: Баянбеков Кайратбек Алжапарович
Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Эссе, шығарма, мазмұндама Сыныбы: 9 сынып
Жарияланған уақыты: 2018-12-30
Материал туралы қысқаша түсінік
эссе жазушыларға
Эссе Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» Махаббат – сегіз әріп, бір арман деуші ме еді? Бұл сезімді жер бетіндегі бүкіл жұмыр басты пенденің бәрі басынан кешкені, кешетіні анық. Ғашықтық — сөзбен айтып жеткізуге болмайтын құдірет қой, шіркін! Осы құдіреттің хақында қаншама қиындықтан өтіп ғашықтық жолында құрбан болған жандар аз емес.Сол себепті де біздің ақиық ақын М.Жұмабаев: Махаббат- бір тікенек, Жүрекке барып қадалар. Бақытсыз ғой бұл жүрек, Тамшылап одан қан ағар,- деп кезінде дәл жырлап кеткен. Ғашық жандар кез-келген сәтті, тіпті, кішкене бір детальды болсын мүлт жібермеуге тырысады.Махаббат жолында достық, қайырымдылық, мейірім, жылулық, ант су ішу деген адамгершілік қасиеттердің рөлі минут санап артады. Бұл тақырып талай-талай ақын — жазушылардың қаламына да арқау болған деседі. Бұған заңғар жазушы Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романы мысал бола алады. Бұл шығармада Ерболдың нағыз биязы қазақ қызы Меңтайға деген ыстық ықыласы керемет суреттелген. Самсаған жұлдызды аспан астындағы екі жастың диалогы, әдемі күртеше, жатақханадағы «қызыл көрпе» хикаясы бәрі — бәрі осы ғашықтықтың айқын көрінісі.Соғыстан соң хабар-ошарсыз кеткен жан жолдасының қызына қамқор болып, сертінен таймағандығы адамгершілік қасиеттердің бір жігіттің бойында тізбектелгені.Қазір өзімнің де басымнан ғашықтық сезімін өткеріп жатырмын.Күні-түні ойлайтыным тек бір ғана сол жан.Оны бар жан-тәніммен ұнатамын. Аллахым екеуімізге сол Меңтай мен Ерболдың ғашықтығындай пәк сезім, олардың махаббаттарындай іңкәр жүрек нәсіп етсе екен.
>
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.