Май зауытының жұмысшылары жалақы орнына жүзім алған
Өзбекстандағы «Гүлістан экстракт -Ёғ» кәсіпорынының жұмысшылары жалақы орнына 10 келі жүзім бергеніне шағымданды.
25 желтоқсанда «Гүлістан экстракт -Ёғ» кәсіпорыны жұмысшыларға жәшік жүзім тарата бастаған. Компания қызметкері жүзім ақшасын айлықтан ұстап қалатынын айтты.
«Бір жәшікте он келі жүзім бар. 70000 сумды ($8,4) айлықтан ұстап қалатынын ескертті. Мен ғана емес, көпшілігі бұған наразы болды. Жаңа жылда дастарханды қай ақшаға жаямыз?» — деді жұмысшы.
Жұмысшылар наразылығынан соң, кәсіпорын басшылығы шешімін өзгерткен.
«Жүзімді мерекеге сыйлық ретінде бергенін айтты. Ақпарат тарап кеткен соң, олар шешімін өзгерткен болуы керек», — деді кәсіпорын қызметкері.
Зауыт бухгалтериясының бір қызметкері жүзімді жұмысшыларға сыйлық ретінде таратқанын растады. Бұған дейін Өзбекстанда жалақы орнына мұғалімдерге ауыл-шаруашылық тауарларын таратқан, оны жұмысшыларға базардағыдан қымбат бағаға өткізген.
Дереккөз: centralasian.org