Адам өміріне не қажет?

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Адам өміріне не қажет?

Автор: Сейдыбаева Жаннур

Бағыты: Психология Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 6 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-12-27


Материал туралы қысқаша түсінік

Адам өміріне не қажет?




Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Адам өміріне не қажет?
Мақсаты Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

  • судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
  • Жергілікті жердің су айдындарымен таныстырып,олардың сол аймаққа пайдасын ұғындыру
  • Судың барлық ерекшеліктерін сипаттау:түсін,мөлдірлігін,иісін,тазалығын,жергілікті жерге тигізетін пайдасын(ауыз суға ,мәдени өсімдіктерді суаруға,ішуге жарай ма,жарамайтын болса,неліктен екенін анықтау)
  • Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып,суын ішіп отырған табиғат- ананы қорғап,аялауға үйрету.
  • Көрнекілігі:глобус,.карта,тәжірибе столы,пробиркалар,құм,саз,қант,су,ас содасы,кофе,шай,штатив,шыны , май шам. Нақыл сөздер:

  • Сулы жер -нулы жер
  • Су -тіршіліктің ғана емес,тазалықтың,пәктіктің белгісі.
  • Су- энергияның қайнар көзі,келешектің отыны.
  • «Бір жұтым су бөліспеген адам Алла тағаланың алдында күнәһар»
  • Күтілетін нәтиже
    Психологиялық ахуал Психологиялық дайындықБіз балдырған баламыз,Құстай қанат қағамыз.Дүниені аралап,Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
    Қызығушылықты оятуПсихологиялық икем оқушылардың көңіл күйлерін жазу,сұрау: ТАМАША! ЖАҚСЫ!ОРТАША!

    II.Үй тапсырмасын тексеру.Судың қасиеттерін және жай күйі туралы білімдерін жинақтау,қорытындылау.-Судың қандай қасиеттерін білеміз?Оны дәлелдеңдер.

    Мағынаны тану

    -Судың қандай үш жағдайы болады?Ол бір жағдайдан екінші жағдайға қалай көшеді?СУДЫҢ ЖАЙ КҮЙІ:Сұйық БУ Қатты(мұз)

    III.Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен ,міндетімен таныстыру.Дәптерге күнді жазу.Адам өміріне не қажет? Өткен тақырыптан еске түсіру.ТАМАҚ СУ АУААДАМ ӨМІРІНЕ НЕ ҚАЖЕТ?ЖАРЫҚ ЖЫЛУ

    Бүгінгі сабақта біз топпен жұмыс істеп тәжірибе жасаймыз.1 тапсырма

  • топқа тапсырма : 2-і топқа тапсырма :
  • Суға қантты салып Суға тұз салыпқорытынды шығарыңыз қорытынды шығарыңыз 2 тапсырма Суға ас содасын салып қорытынды шығарыңыз3 тапсырмаСуға шай салып қорытынды жасаңыз Суға кофе салып қорытынды жасаңыз Оқушылар қорытындыларын дәптерге жазады:

  • Суға салған нәрселер не істеді?
  • Судың түсі өзгерді ме?
  • Дәмі өзгерді ме?
  • Қорытынды:Су еріткіш. 4 тапсырмаСазды суға салу Құмды суға салуНәтижесін дәптерге жазу:Су лайланды.Ыдыстың қабырғасынан екінші жағындағы нәрсені көре алмаймыз,себебі саз,құм суға араласқанымен суда еріген жоқ.Суда ауа еріп оған араласады. Мұғаліммен бірге тәжірибе жасау:Таза суды шыны бетіне тамызып,астына май шаммен қыздырамыз.Су буға айналып,ұшып кетеді,ал шыны бетінде ақшыл дақ қалады.Бұл не?Қорытынды:Таза мөлдір судың өзінде еріген заттар бар.Әсіресе ,еріген заттар ащы суларда көп болады.Қорытынды шығару:Ерімейтін заттар СУ Еритін заттар(саз,құм) су буланады (қант,тұз,сода,шай,кофе)

  • Балаларға сұрақ: бидай дәні топырақта өніп,өсу үшін оған қандай жағдай жасауымыз керек? (оқушылар жауабы).Тіршілік судан басталады.
  • IY.Деректер мен дәйектер:

  • Су бар жерде тіршілік бар,өмір бар,жайқалып өскен бау бақша,сынсыған орман,тоғай,бітік шыққан егін,мыңғыраған мал,алып су электр станциясыбар,сондықтан қазақ «Сулы жер нулы жер»дейді.Ну дегеніміз қалын орман.
  • Су тіршіліктің ғана емес,тазалықтың пәктіктің белгісі.
  • Қазақ халқы суды қадір етумен қатар оны жалпы халыққа,жан жануар дүниесіне ,өсімдік әлеміне тіршілік беруші деп санаған.Су бермеу,судан тарықтыру ең үлкен қылмыс.
  • Мұхаммед пайғамбар құранында: «Бір жұтым су бөліспеген адам Алла тағаланың алдында күнәһар» деп жазған.Сол үшін атазаманнан бері қазақ үйіндегі су,қымыз,айран шалап сияқты сусындар тегін болған.Айдалада жападан жалғыз мал бағып отырған адамның үйіне жолаушы келіп түссе,ең алдымен сусын беріп құрметтеген.
  • егер де біз картаға немесе глобусқа қарасақ жер шарын жан жағынан су қоршағанын қөреміз.Судың көлемі құрлықтан 3есе көп екен.Жер бетін70%су алып жатыр.Мұхит,теңіз сулары өте ащы,сондықтан оны адам,жануарлар және өсімдіктер пайдалана алмайды.
  • Ал енді адам ағзасына күніне 10 литрдей су керек.Егер де адамның денесінен 1,5л су ағзадан буланса немесе тер күйінде шықса,адам қаталап шөлдейді.Адам баласы шөлге қарсы 3т күннен артық күресе алмайды.Егер адам денесіндегі судың 6-8 %азайса ,адам жартылай есінен танып қалады.10% азайса сілекейін жұтады,ал 12% кемісе адам өліп кетеді.

    Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке?  Ой сергітеді,шашағандарыбасылады
    Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма:Балалар,су бізге дос қана емес,ол- тілсіз жау.Қыркүйек айында Туркия елінде тоқтамай жауған жаңбырдан қаншама ел зардап шекті –үйлері,машиналары судың астында қалды,елдің малы қырылып,көптеген адам суға кетті.1981 жылы Үлкен Алматы өзені тасыды-қатты сел салдарынан мал,адамдарға,ауыл шаруашылығына зиян келді.Көптеген көпірлерді,тас жолдарды су шайып кетті.2005 жылы біздің ауылдағы плотинадағы су тасып көптеген үйлерге,қораларға,көшелерге су кірді,ел судың бетін қайтару үшін көп еңбек етті.Экологиялық мәселелерге келетін болсақ,қазір біздің елімізде табиғаты таза,экологиялық ахуалы мінсіз аймақты табу бір маяшөптен ине іздегенмен бірдей.Мысалы:Арал теңізінің бұрынғы жалпы ауданы 66 мың шаршы шақырым болса,соның шамамен 23 мың шаршы шақырымында ғана су бар,қалған бөлігі шаң мен тұздың астында қалды.Облысымызда орналасқан Балқаш көлінің жайы да мәз емес,оның суы тартылып,завод қалдықтары қөлге төгілуі көптеген зардап әкелуде.Біздің Қарағанды облысымыздағы талай заманнан бері Арқа өңірінің нәрі,көркі болып келген Нұра өзенінің халі де тым аянышты.Ұзындығы 700 шақырым жердегі өзеннің екі жағына қаптай орналасқан шаруашылықтар суын сарып бітіруге қалды.Біздің ауылымыздың сыртында орналасқан Көктіңкөлі көлі баяғы ашаршылық 1932 жылдары осы маңайдағы қаншама елді балығымен ажалдан алып қалды,ал қазір суы тартылып,балықтары өліп жатыр.Ал ауылымыздың ішінен өтетін Жаман Сарысу өзені биыл мүлдем құрғап қалды.YI.Суды қорғау мәселелері.

  • Арық,өзен бойына шөп ,ағаштар егу
  • Суларды қоқыстан тазалау. «Бұлақ көрсең –көзін аш»
  • Завод,фабрикалардан шыққан қалдықтарды суға ағызуға тыйым салу,оларға тазартқыш қондырғылар орнату.
  • «Судың да сурауы бар» -суды үнемдеу (кранды жауып жүру,беталды суды ағызбау)
  • Қазақта адамгершілікке арналған үш сауал бар,олар:1.Шөлге құдық қазған2.Өзенге көпір салған3.Жолға ағаш еккенОсы орайда ауылдың сынып жатқан көпірін жаңадан салып ,елдің алғысын алған ауыл азаматы «Матан»шаруа қожалығының басшысы Жадаев Мұратты айта кету жөн.YII .Суға байланысты ырым –тыйымдар:

  • Суға түкірме
  • Судың бетін ашық қалдырма
  • Түнде суға барма
  • Суға байланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер:

  • Сулы жер –нулы жер
  • Жылап жүріп арық тазаласаң,күліп жүріп су ішесің
  • Бастау суалса-бақыт суалады
  • Ағын су-өмір,тоқтау су-өлім
  • Бұлақ көрсең-көзін аш
  • Құлан- қырға,құндыз –суға
  • YIII.Сабақты қорытындылау

    Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
    Бағалау Бағалау парақшасын толтырады.
    Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.