Түркістан облысында 58 қызмет түрі бойынша тариф арзандады

0

2018 жылғы 26 желтоқсан 15:43 366

Түркістан облысында 58 қызмет түрі бойынша тариф арзандады


ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат — Түркістан облысында 48 нарық субъектісінің 58 қызмет түрі бойынша тариф төмендетілді.  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық монополияға қарсы департамент басшысы Ерболат Ыбырайханов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерболат Ыбырайхановтың сөзінше,  Елбасының тапсырмасына сәйкес, төмендетілген тарифтер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Нәтижесінде халықтың коммуналдық қызметке төлейтін қаражаты шамамен 1,15 млрд теңгеге үнемделеді.  Сондай-ақ, облыста электр энергиясын тасымалдау тарифі жаңа жылдан бастап 10,2 пайызға, яғни 1 киловат сағатқа 7,38 теңгеден 6,64 теңге дейін түседі.

«Тасымалдау және өндіруші станциялардың тарифінің төмендеуі есебінен түпкілікті тарифтің төмендеуі 6,8 пайызды кұрайды. Яғни халыққа 14,48 теңгеден 13,49 теңгеге деиін төмендейді. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұтынушылардың қордаланған қарызы үшін электр энергиясын қайта қосу төлемі 40 пайызға төмендеді», — деді Ерболат Ыбырайханов.

Түркістан облысында 58 қызмет түрі бойынша тариф арзандады 

Табиғи газбен қамтамасыз ету саласы бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тасымалдау және көтерме баға түсу есебінен халық үшін газ тарифі 5,8 пайызға арзандап, 1 текше метрі жеке тұлғаларға — 32,47 теңге, ал халықты жылумен қамтамасыз ететін заңды тұлғаларға — 28,27 теңге болады.

Сондай-ақ, облыста орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін 6 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын бар. Көмір отынын қолдана отырып, жылу энергиясын шығаратын мекемелер тарифін 7-24 пайыз аралығында түсіріп отыр. Қалған 2 мекеме табиғи газ арқылы жылу энергиясын өндіреді. Бұл — Сарыағаш және Төлеби аудандарындағы мекемелер. Олар тарифін 11-15 пайыз аралығында түсірмек.

Бұдан өзге, ауыз су, ағын су және су бұру қызметімен айналысатын 39 субъекті 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифті 5-13 пайыз аралығында арзандатады. 

Түркістан облысында 58 қызмет түрі бойынша тариф арзандады 
Түркістан облысында 58 қызмет түрі бойынша тариф арзандады 
Түркістан облысында 58 қызмет түрі бойынша тариф арзандады 
Түркістан облысында 58 қызмет түрі бойынша тариф арзандады 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz