Түрік еліндегі қазақ студенттерінің іс-шаралары.

0

  Желтоқсанның жиырма екінші жұлдызында Түркия Республикасының Кайсери қаласындағы қазақ қыз-келіншектерінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Келіндер Бәйгесі» атты кеш өтті. Қазақ келіндері Бәйгеде өздерінің ептіліктері мен өнерлерін ортаға қойды. Келіндер сайыста діни сұрақтардан,салт-дәстүрлерден,мақал-мәтелдер жарысынан,өнер көрсетуден,дастархан көрнекілігінен және тіл үйіретін тағам жасаудан сыналды. Қазақтың келіндері өздерінің қыр-сырларын сынап көріп,салт-дәстүрлерімізді түрік еліне паш етті. Қазақтың қайсар қыздары осындай жан-жақты болады екен,деп,түрік бауырларымыз таңданысын жасыра алмады. Әділ-қазылар алқасы да, әділ бағаларын беріп,келіндерге насихаттарын айтты. Елден жырақта жүрген қандастарымыздың толқуы мен туған жерге деген сағынышын әспеттеген әдемі кештің куәгерлері қазақ еліне баталарын беріп,дән риза болды. Осындай үлгідегі сайыстарымыз жоғалып бара жатқанын ескеріп,жандандыруға ат салысқан жандарға ЖАРАТУШЫМЫЗ разы болып,алған ілімдерін хайырлы қылғай.