Аяз қатая береді. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын ұсынады.
«25 желтоқсаннан бастап күн баяу ұзарады, ал Таймырдан Сібірге жылжитын суық антициклонның сілемі Қазақстанның көптеген облыстарына қатты аяз әкеледі. Солтүстік орталық және шығыс облыстарда түнгі температура минус 32…37°С-қа дейін төмендесе, кей жерлерде аяз минус 40°С-қа дейін күшейеді. Тіпті Қазақстанның оңтүстік-шығысында да күн суытады, кей жерлерде 25…30°С-қа дейін аяз болады» — делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Тек батыс облыстарда Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжитын циклонның ықпалынан жауын-шашын болып, тұман түседі, көктайғақ және күндіз температураның 0-5° аязға дейін, оңтүстік-батыста 0…5° жылыға дейін жоғарылауы болады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ