Жеңілмеген қазақстандық боксшылар әлемдік рейтингте көтерілді
Үш қазақстандық боксшы да Мәскеуде өткен бокс кешінде жеңіске жеткен
АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Кәсіби рингте жеңілмеген қазақстандық былғары қолғап шеберлері әлемдік рейтингте жоғары өрледі, деп хабарлайды Sports.kz.
Boxrec.com сайтына сілтеме жасап хабарлағандай, қазақстандық боксшылар Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО), Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) және Константин Брусенский (1-0, 1 КО) Мәскеудегі «Крылья Советов» спорт кешенінде өткен бокс кешінде жақсы нәтиже көрсетіп, рейтингтерін жақсартты.
Жаңабаев төрешілердің шешімімен Арнел Тинампайды ұтып, бірінші орташа салмақ бойынша 98-орынға шықты (бұрын 138-ші болған).
Ал Ербосынұлымен жұдырықтасқан бельгиялық Илиас Ачергуи төртінші раундта кездесуді жалғастырудан бас тартып, нәтижесінде біздің боксшы супер орташа салмақ бойынша 95-ші орыннан 58-ші орынға бір-ақ көтерілді.
Кәсіби рингтегі дебютінде ресейлік Дагир Качакаевті нокаутқа түсірген Брусенский жеңіл салмақ дәрежесінде 1261-ші орында тұр.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/