Әуезов ауданында «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара өтті

0

Әуезов ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Жаңа жыл мерекесіне орай көп балалы және жағдайы төмен отбасылардың балаларына арналған «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара өтті.

2018 жылдың 13 желтоқсанында Әуезов ауданындағы жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің №12 округі бойынша төрағасы Жапаров Ә.М. және «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңес мүшесі, Алматы қалалық мәслихаты депутаты Қасымов Е.Б. ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» Партиялық жобасы аясында көп балалы және жағдайы төмен отбасылардың балаларына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Жаңа жыл мерекесіне орай «Береке» мейрамханасында 100 астам балаларға мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік кеште бүлдіршіндер анимациялық шоуларды тамашалап ән айтып, би билеп уақыттарын қызықты өткізді. Сонымен қатар балаларға арнап мерекелік дастархан жайылып, тәтті сыйлықтар берілді.

«Қамшы» сілтейді