Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жаңа басшы келді

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, Ерсайын Нағаспаев Қарағанды мемлекеттік университетінің «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығының түлегі.

Әр жылдары «Ақтау халықаралық сауда порты» РМК, Премьер-министр кеңсесі, «Новострой Астана» ЖШС-де басшылық қызметтер атқарған. Шахтинск қаласының әкімі (2011-2013), Астана әкімінің орынбасары (2013-2014), «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы (2014-2016) болды. 2021 жылдың сәуірінен бастап «ҚТЖ» ұлттық компаниясында жұмыс істеген. Кейінгі уақытта «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры болды.

Еске салайық, бұған дейін Қанат Шарлапаев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне келгенін жаздық.