88 жасында нағыз «Тақиялы періште» қайтыс болды

0

Отандық “Тақиялы періште” фильміндегі басты кейіпкер Тайлақтың прототипі Сако есімді азамат 88 жасында көз жұмды.

Бұл туралы журналист Дархан Өмірбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Жас жігіттің оқиғасын Кәукен Кенжетаев өзінің ағасы Шәкен Аймановқа баяндап берген соң, оның желісімен кино түсіру бірден ойға келген. Нәтижесінде, 1968 жылы «Тақиялы періште» фильмі экранға шығады.