Астанада әйелін әбден соққыға жыққан ер адам 10-қабаттан секіріп кеткен
Астана қаласының тұрғыны әйелін ұрып-соғып, жарақаттаған. Кейін өзі 10-қабаттан секіріп кеткен.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 1 қазанда 23:36-да болған. Ерлі-зайыпты арасында жанжал туындап, күйеуі әйелін темір кілтпен (гаечный ключ) ұрып тастаған.
– Полицияға ер адамның қайтыс болғаны туралы хабар түсті. Тергеу барысында ерлі-зайыпты арасында жанжал болғаны анықталды. Сол кезде ер адам әйеліне дене жарақатын салып, содан кейін өзі тұрғын үйдің 10-қабатынан секіріп кеткен. Жәбірленуші әйел ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.
Қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.