«Ұйықтай алмай жыладым»: әнші Ділназ Салтанатқа ән арнады
Әнші Ділназ Ахмадиева экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан көз жұмған Салтанат Нүкеноваға арнап ән шығарды, деп хабарлайды Kznews.kz.
– Мен бұл қорқынышты трагедияны бүкіл елмен, бүкіл әлеммен бірге естіп білдім. Мен бірге жыладым, ұйықтамадым, уайымдадым әрі дұға еттім. Бірақ менің қолымнан келетіні — ән жазу және оны Салтанатқа арнау! @ aitym (Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелдіге қарата) сізге зор алғыс білдіремін. Мен сіздің отбасыңызға қаншалықты қиын екенін елестете алмаймын. Ән адамдардың жүрегінде қалар деп үміттенемін, – деп жазды әнші.
Бишімбаевтың ісі
Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды. Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.
Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы «Гастро-орталық» директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша «қылмысты жасырды» деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.
12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.
4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан. Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді.
Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.
Аппеляция
2024 жылдың 26 маусымында апелляция сатысында экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа шыққан үкім өзгеріссіз қалды.