Дәрігер қыздарға ота жасағаннан кейін оларды зорлап келген

0

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында реаниматолог дәрігер 3 пациентке сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деп айыпталып, тұтқындалды.

 

Бұл туралы тергеу комитетінің сайты хабарлайды.

Хабарланғандай, дәрігер 3 қызға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған. Олардың екеуі кәмелет жасына толмаған екен. Қыздардың бәрі жалпы наркоз беріліп, ота жасалғаннан кейін палатада жатқан. Сол кезде дәрігер екі пациентке сексуалды сипаттағы зорлық әрекетін жасап, үшіншісін зорлап тастаған.

Бұл туралы белгілі болғаннан кейін дәрігер тұтқындалды. Артынша оның денсаулығы нашарлап, ауруханаға түсті.

«Фонтанка» басылымының мәліметінше, оқиға қаладағы гинекологиялық орталықтардың бірінде орын алған. Бірінші болып 16 жастағы оқушы қыздың анасы шағымданыпты. Мұнан кейін көршілес палатада жатқан 17 жастағы студент пен 21 жастағы кассир қыз полицияға арызданған. Олардың бәрі наркоздан кейін ес жиып жатқан кезде дәрігер олардың жағдайын пайдаланып, зорлағанын айтқан.

Тұтқындалған дәрігер 58 жаста. Ол медицина саласында 35 жыл еңбек еткен. Бүгінде Анестезиологтар мен реаниматологтар ассоциациясының мүшесі.

 

Источник: Stan.kz


Тегтер:зорлау