Сәкен Бибосынов лизенциялық турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді

0

Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирдегі жеңісті жолын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Италияның Бусто-арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегін айқын басымдықпен ұтқан Сәкен Бибосынов екінші жекпе-жегінде де жарқын жеңіске жетті.  51 келіде жұдырықтасатын отандасымыз кениялық Дэвид Мачариаға қарсы жұдырықтасып, 5.0 есебімен жеңіске жетті. Бір қызығы, ол келесі жекпе-жегін 10 наурыз күні Бахрейн елінің намысын қорғайтын қазақ Азат Махметовке қарсы өткізеді.

Айта кетейік, боксшыларға олимпиадаға жолдама алу үшін тек жартылай финалға шықса жеткілікті. Әзірше, боксшыларымыздың барлығы жолдама алуға үмітті.