Кедей баланың таңқаларлық қайырымдылығы

0

Күндердің күнінде үсті-басы лас, киімдері жыртылған он жасар шамасындағы бір бала балмұздақ сататын дүкенге кіріп келеді. Іште бос орындыққа отырып жайғасады. Күтуші балаға жақындап:

— Не қалайсың?-дейді жақтырмастан. Бала:

— Какао қосылған балмұздақ қанша тұрады, деп сұрайды. Күтуші:

— 5 доллар. Бала қалтасына қолын салып, ақшасын санап қараса 5 доллар бар екен. Күтушіге қарап:

— Какаосыз балмұздақ қанша тұрады?-деді күлімсіреп. Күтуші:

— 4 доллар болады,-деді күрсініп. Бала сәл ойланып:

— Жақсы, мен какаосыз бір балмұздақ алайын,-деді. Содан балмұздақты жеп, отырған орнына қосымша 1 доллар қосып  дүкеннен шығып кетеді. Күтуші ақшаны алуға келгенде, столдың бетінде ақшаның жанында бір хат болады. Хатты оқыған күтуші, бойы сыздап, көзіне еркісіз жас келеді. Онда:

— Мен какаосыз балмұздақ алып, мына қалған 1 долларды сіздің қызметіңізге қалдырдым. Рахмет сізге, балмұздақ какаосыз да дәмді екен,-делінген.

Түйін: Адамды сыртқы киіміне, жасына, түріне қарап бағаламаңыз. Себебі, оның бойындағы адами қасиеті сіздікінен асып түсуі мүмкін.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Дереккөз: http://kazislam.kz/