«Қарағанды» шахтасындағы өрт әлі сөнбеген
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бүгін сағат 01:23-те соңғы қаза тапқан тау-кен жұмысшысының денесі жер бетіне шығарылды, — деп хабарлайды Kznews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта тау-кен құтқарушылары Д-6 көмір конвейерінің еңісіндегі қалған өрт ошақтарын сөндіріп жатыр. Жұмыстарға тау-кен құтқарушыларының екі бөлімшесі жұмылдырылған.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жағдайды бақылауда ұстап отыр.
«Атап айтқанда, ол КӘАҚҚ РШО басшылығының жұмыс барысы туралы баяндамаларын тыңдады, үздіксіз түтін, нөлдік көріну, көптеген өрт ошақтары, үлкен тереңдіктегі қазбалардағы жоғары температура жағдайында жүргізілетін жұмыстардың төтенше қаупін атады. Осыған байланысты министр іздестіру жұмыстарын тиімді жүргізгені үшін КӘАҚҚ РШО басшылығы мен жеке құрамына алғысын білдірді және жеке құрамның қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, қалған өрт ошақтарын жоюды қамтамасыз ету міндетін қойды», — деп хабарлады министрлік.
фото: Турар Казангапов